Сайт картасы
Байланыс ақпарат
Өнеркәсіп өнімінің көлемі -
987,2 млрд. тг.
Статистикалық деректерді қандай мақсатта пайдаланасыз?













Архив голосований


 
« Департамент статистикалық деректерді жинақтайды , ЕМК қызметің ұйымдастырады және үйлестіреді, талдау және тексеру жұмыстарын жүргізеді ... »

Статистикалық ақпаратты қалай және қайдан алуға болады


 

 

Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде жаңа реформалар және қайта құруларға байланысты ақпаратқа деген сұраныстың үнемі өсуі байқалады. Тұтынушылардың көбі қоғамдық өмірдің түрлі аспектілерін көрсететін көкейтесті және объектівті ақпарат алуға қызығушылық білдіреді. Осындай ақпарат алудың басты көзі – мемлекеттік статистика болып табылады.

Ақпарат алудағы азаматтардың сұранысын толық қамтамасыз ету үшін мемлекеттік статистика органдарының қызметкерлері статистикалық деректерді жинау, өңдеу және таратуда статистикалық өнім мен қызметінің сапасын көтеру үшін бар күштерін салып өз қызметін жетілдіруге ұмтылады. Статистикалық ақпаратты қолдаушылар санының тұрақты түрде көбеюі азаматтардың ресми статистикаға деген сенімі мен қызығушылығының артуын көрсетеді.

Бұл буклетте біз Сіздердің назарларыңызға статистикалық ақпарат және ұсынылатын қызметтердің негізгі түрлерінің, статистикалық ақпаратты таратуда және қолданушылармен байланыста қолданылатын әдіс – тәсілдердің тізбесін ұсына алатынымызға қуаныштымыз.

Біз статистикалық ақпаратты пайдаланушылар, сондай-ақ, өндірушілермен, статистикалық ғылым мен тәжірибесіне қызығушылық танытатын барлық адамдармен ынтымақтастыққа дайынбыз.

 

Статистикалық ақпаратты тарату саясаты

 

Статистикалық өнім мен қызметтерге деген сұраныстың арта түсуіне байланысты статистикалық ақпаратты тарату тәсілдері де көбейді. Айталық, статистикалық жылнамалықтар, жинақтар, тақырыптық бюллетеньдер, баспасөз хабарламалары сияқты дәстүрлі баспа басылымдарымен қатар жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы нәтижесінде деректерді таратудың жаңа құралдары пайда болды: есте сақтау мүмкіндігі үлкен CD – ROM, Интернет жүйесі мен электрондық пошта. Ұсынылатын деректердің осындай әртүрлігімен қоса, мекемелер мен ұйымдар, отандық және шетел компаниялары, ассоциациялар, жоғары оқу орындары, қоғамдық бірлестіктер мен жеке тұлғалар арнайы ұсыныстары есебінен статистикалық ақпаратқа қызығушылық танытатын әртүрлі пайдаланушылардың статистикалық ақпаратқа деген жеке сауалдарын атап айтуға болады.

Статистикалық өнім мен қызметтерді тарату саясаты үшін барлық елдер, соның ішінде, ТМД елдері үшін Еуропалық статистикалық қауымдастығымен ұсынылған маркетинг үлгісі жасалынған болатын. Сол үлгі статистикалық өнім мен қызметке қызығушылық танытатын әртірлі топтардың қажеттілігін екі деңгей бойынша қанағаттандырады.

 

Статистика баршаға

 

Статистикалық органдардың негізгі міндеті барлық пайдаланушыларға статистикалық өнім мен қызметіне бірдей қол жеткізуін қамтамасыз ету, яғни қоғамның игілігіне неғұрлым жоғары дәрежеде жалпы статистикалық ақпаратты жеткізу (жиынтық, жалпылау көрсеткіштері).

 

Осындай ақпаратты тарату дегеніміз кітапханаларда, БАҚ-тың баспа басылымдарында баспасөз хабарламалары, брошюралар, буклеттер, статистикалық жарияланымдарды шығаруды, Интернетке деректер жіберуді көрсетеді. Бұл аталған «Баршаға арналған цифрлар» ақысыз ұсынылады.

 

Арнайы ақпарат

Арнайы тілектер негізінде көрсетілетін жеке қызметтер нақты пайдаланушылардың қажеттілігін ескере отырып ұсынылады. Ол негізінен дайындыққа уақыт бөлуді қажет ететін стандартты емес ақпарат (деректер базасымен жұмыс, жиынтық жұмыстары т.б.) Мұндай ақпарат «Павлодар облысының СЕО» ЕМК ақылы негізінде ұсынылады. Сауалдарды факс, электрондық пошта, сондай-ақ, кәдімгі пошта арқылы жіберуге болады.
 

Статистика өнімінің негізгі түрлері және ақпарат қызметі:

  • Жарияланымдар
  • Павлодар облысы Статистика департаментінің Веб-сайты
  • Пайдаланушылардың бір сұраныстары бойынша ақпарат дайындау
  • Пайдаланушылардың біржолғы сауалдары бойынша ақпарат дайындау

Жарияланымдар қағаз нұсқада әрі электрондық түрде де ұсынылады.
 

Ақпаратты тарату арналары:

  • Жарияланымдар
  • Интернет
  • Бұқаралық ақпарат құралдары
  • Статистикалық кітапхана (оқу залында жұмыс)
  • Жеке сауалдарды орындау (анықтама қызметі)       
     

Маңызды статистикалық жарияланымдар

1.Жиынтық жарияланымдар:

  • «Павлодар облысының статистикалық жылнамалығы»
  • «Павлодар облысының қысқаша статистикалық жылнамалығы»
  • «Павлодар облысының демографиялық жылнамалығы»
  • «Ауыл (село) дамуының мониторингі» статистикалық жинағы

2.Тақырыптық және салалық жинақтар, (40 түрлі анықтамалықтар):

  • «Павлодар облысындағы әлеуметтік беталысы»
  • «Еңбек және халықты жұмыспен қамту»
  • «Өнеркәсіп статистикасы»
  • «Ауыл шаруашылығы»
  • «Ќұрылыс» және т. б.
     

3.Жедел статистикалық басылымдар:

  • «Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» баяндамасы
  • «Павлодар облысындағы заңды тұлғалар санының негізгі көрсеткіштері» бизнес-регистрі
     

4.Жедел статистикалық ақпарат:

 

Бөлімде статистиканың барлық салалары бойынша айлық, тоқсандық, жылдық мерзімділікпен шығатын статистикалық бюллетеньдер, жедел ақпараттар ұсынылған.

Статистика департаментімен әзірленетін статистикалық басылымдардың толық тізімі тізбеде ұсынылған. Тізбе «Павлодар облысының СЕО» Елшілес мемлекеттік кәсіпорынымен шығарылады.
 

 

5. ҚР Статистика агенттігі статистикалық жинақтарды, бюллетеньдерді, экономикалық шолуларды және тәуелсіздік жылдардағы еліміздің дамуы туралы басқа да статистикалық материалдарды шығарып, оларды өңірлік Статистика департаменттеріне жеткізеді:

  • «Қазақстан цифрларда» жинағы
  • «Қазақстан өңірлері» жинағы
  • «Экономика және статистика» журналы
  • «Қазақстан және ТМД елдері» журналы


Интернет


Қазіргі заман талаптарына сәйкес статистикалық ақпараттарды Интернет желісі арқылы таратуға аса назар аударылады. Аталған арна ыңғайлы және пайдаланушыларға мекенжайына қарамастан ең қысқа мерзімде қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы әртүрлі статистикалық деректерді Сіз сайттың келесі негізгі рубрикаларында таба аласыздар:

  • Павлодар облысы туралы жалпы мәліметтер
  • Аудандар
  • Жарияланымдар
  • Жаңалықтар
  • Қызметтер және т.б.


Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ)

 

Статистика органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасауға ерекше көңіл бөледі. БАҚ көмегімен статистикалық ақпарат жұртшылық қауымның кең ауқымына жетіп отыр.

Статистика департаменті салалық басқармаларының қызметкерлері мен баспасөз хатшысы тұрақты түрде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының әртүрлі аспектілері бойынша баспасөз хабарламаларын дайындайды.

Стетистика департаментінің баспасөз қызметі баспасөз хабарламаларының таратылуын, әртүрлі БАҚ үшін басшының қатысуымен баспасөз конференциялары мен басқармадағы жауапты қызметкерлердің сұхбатын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

Барлық хабарламалар жедел түрде біздің веб-сайтымыздың «Баспасөз хабарламалары» рубрикасынан жарық көреді.

Байланыс телефондары: Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасы: 8 (7182) 53-30-86
Баспасөз қызметі: 8 (7182) 55-41-34, факс: 53-25-95
e-mail: PavlStatPress@mail.ru

 

Кітапхана

 Статистика департаментінде кітапхана жұмыс істейді. Ол ғимараттың екінші қабатында орналасқан. Кітапханада әртүрлі статистикалық байқау нысандарын өткізу арқылы статистика органдарымен заңды және жеке тұлғалардан алынатын деректер, сондай-ақ, ҚР Статистика агенттігімен ұсынылатын деректер негізінде жасалынатын статистикалық басылымдар бар. Пайдаланушылар өздеріне қажетті қандай да бір статистикалық ақпаратқа қол жеткізе алады және қажет болса көшірмесін де жасай алады.

Кітапхана мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 9, 201 кабинет.

 

 

Анықтама қызметі

 

Статистикалық ақпаратты пайдаланушылардың біржолғы сауалдарын орындау ақпарат көлемі мен оны дайындау уақытына қарай ақылы түрде «Павлодар облысының СЕО» ЕМК жүзеге асырылады.
Ақпараттық статистикалық қызмет көрсету бойынша аса толық ақпаратты төменде берілген мекенжай бойынша алуға болады:

140000, Павлодар қаласы, Генерал Дүйсенов көшесі, 9, 102 кабинет
Тел. 8 (7182) 65-21-22 – ақпараттық-статистикалық қызмет көрсету қызметі
Факс: 8 (7182) 65-21-22
e-mail: dgp_vcs@bk.ru





2 Ақпан
31 Қаңтар
30 Қаңтар

Мемлекеттік статистикасында инновациялар






Хабарландыру







140000, г.Павлодар, ул.Генерала Дюсенова, 9
Телефон: 8 (7182) 53 48 47
Факс: 53 25 95

Статистика департаменті

Баспасөз хатшысы

ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл
 




Әзірлеген және қолдаған
«Creatida» Интернет-компаниясы
© Статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында пайдаланған жағдайда Павлодар облысының Статистика департаментіне сілтеме жасауға міндетті