Сайт картасы
Байланыс ақпарат
Өнеркәсіп өнімінің көлемі -
330,3 млрд. тг.
Статистикалық деректерді қандай мақсатта пайдаланасыз?













Архив голосований


 
« Департамент статистикалық деректерді жинақтайды , ЕМК қызметің ұйымдастырады және үйлестіреді, талдау және тексеру жұмыстарын жүргізеді ... »

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ (2010 ЖЫЛҒЫ БАСПАСӨЗ ШЫҒАРЫЛЫМДАРЫ)


2010 жылдың 1 тоқсаныңдағы

2010 жылдың 1 жартыжылдығындағы

2010 жылдың 9 айындағы

2010 жылдың 12 айындағы

 

2010 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

 

Павлодар облысы Статистика департаментімен 2010 жылдың қаңтар –наурызындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды.

 

Демография
Еңбек нарығы және еңбекакы
Баға
Тұтыну нарығы
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс қызметі және инвестициялар
Көлік және байланыс
Шағын және орта кәсіпкерлік

 

ДЕМОГРАФИЯ


2010 жылдың 1 наурызына Павлодар облысы халқының есепті саны 751,1 мың адамды құрады. Қала халқы – 501 мың адам, ал ауыл халқы – 250,1 мың адам.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айлар бойы облыс бойынша 1924 туғандар саны тіркелді, бұл 2009 жылға қарағанда 11,1%-ға төмен көрсеткіш.
Осы уақыт ішінде 1319 адам қайтыс болды (1,4%-ға артық). Бұрынғыдай қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен 2010 жылдың қаңтар-ақпанында қайтыс болғандардың үлес салмағы 54,3%-ды құрады.
Халықтың табиғи өсуі 605 адамды құрады, сонымен қатар қалалық жерде 435 адам, ауылдық жерде 170 адам санының өсуі байқалды.
Неке органдарында тіркелген неке саны 2010 жылдың 2 айы ішінде 0,6%-ға және ажырасу 1,6%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 643 неке және 390 ажырасу тіркелді.
2010 жылдың 2 айы ішінде облыстан республика шегіне 262 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 235 адам және әлемнің басқа елдеріне 27 адам қоныс аударды (2009 жылдың қаңтар-ақпанында 373 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 347 және әлемнің басқа елдеріне 26 адам).
2010 жылдың қаңтар-ақпанында ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 173 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 80 адамды құрады.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ
2010 жылдың қаңтар – ақпанында облыстағы ірі және орта кәсіпорындар тобы бойынша облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 171,5 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1%-ға артық көрсеткіш.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 57410 теңгені құрады, оның өсуі 2009 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 7,1%-ға артық. Нақты жалақы 0,3%-ға төмендеді.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысының едәуір көтерілуі жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда, тұру және тамақтану бойынша қызметтерде, көтерме және бөлшек саудада; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде және құрылыста сәйкесінше 55,4, 24,8, 16,9 және 11,8% байқалады.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 63921 теңге, Екібастұз қ.ә. – 61186 теңге және Павлодар қ.ә. – 58970 теңге.
2010 жылдың қаңтар-наурызында жұмысқа орналасу мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (жұмыспен қамтуды үйлестіру және Павлодар облысының әлеуметтік бағдармалар басқармасының деректері бойынша) 6723 адам өтініш білдірді, бұл 2009 жылдың қаңтар-наурызына қарағанда 160 адамға артық, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар – 2162 адам. Өтініш білдіргендер санынан 2837 адам немесе 42,2%-ы жұмысқа орналасты, соның ішінде ауыл тұрғындары – 853 адам.
2010 жылдың наурыз айының соңына жұмыспен қамту мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға өтініш берген ұйымдардың қызметкерлердегі қажеттілігі 626 адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71 адамға аз.
Жұмысқа орналасу мәселесі жөнінде уәкілетті органдар есебінде тұрған жұмыссыздар саны 2010 жылдың 1 сәуіріне 4084 адамды құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 156 адамға аз.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі – 09%.

 

БАҒА
2010 жылдың наурызында тұтыну бағасының индексі 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 103,5%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,4%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы 1,2%-ға, ақылы қызметтерге 5,8%-ға өсті.
Облыстың тұтыну нарығында 2010 жылдың 1 тоқсанында нан тағамдары мен жарма өнімдерінің бағасы 4,4%-ға төмендеді, жоғары сортты бидай ұны 5,4%-ға, бірінші сортты бидай ұны – 16,6%-ға, жарма – 2,7%-ға, нан – 7,9%-ға арзандады.
Сүт өнімдерінің топтары бойынша бағаның 3,6%-ға өсуі байқалды, пастерленген сүт – 3,7%-ға, айран – 8,9%-ға, қаймақ – 3,3%-ға өсті. Жеміс пен көкөністердің бағасы 17,3%-ға өсті, осы топтағы тауар бағаларының едәуір өсуі қызанақ (61,3%), бас пияз (45,7%), қырыққабат (34,5%), қияр (23,1%), қартоп (19,3%), қызылша (17,7%), алма (10,5%) көрінді.
2010 жылдың қаңтар-наурызында қантқа (10,1%), жұмыртқаға 4,5%, ет және ет өнімдеріне – 4,3%-ға бағаның өсуі байқалды.
2010 жылдың қаңтар – наурызында ақылы қызметтер бағасы 5,8%-ға қымбаттады. Жергілікті автобустық жолаушылар көлігі қызметінің төлемақысы – 6,1%-ға, трамвай – 16,7%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметі тарифтері – 9,6%-ға, байланыс қызметі – 7%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында фармацевтикалық препараттарға – 12%, тұрмыстық заттарға – 2,5%, жуғыш және тазалайтын заттарға – 1,5%, баспа басылымдарына – 1,3%, киім-кешек және аяқ-киімге – 0,7% баға едәуір өсті, ал бензин – 2,3%-ға, дизель отыны – 11,7%-ға арзандады.
2010 жылғы 1 тоқсанда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарының баға индексі 105,7%-ды құрады. Өндірілген өнімнің бағасы 5,7%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтерге 5,6%-ға өсті.
Өңдеу өнеркәсібіндегі баға 1,3%-ға өсті, кен өндіру өнеркәсібінде 4,9%-ға, электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлуде 22,7%-ға өсті.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 5,3%-ға өсті, мал шаруашылығы өнімі 10,1%-ға , ал өсімдік шаруашылығы өнімі 6,6%-ға төмендеді.
Наурыз айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормалары негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 11203 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (12713 теңге) 11,9%-ға төмен.

 

ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ
2010 жылдың қаңтар – наурызындағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 25,3 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9%-ға артық көрсеткіш.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек тауар айналымының үлесі 45,4%-ды құрады. Осы кәсіпорындар тауар айналымының нақты көлем индексі – 110,7%.
Облыстың көтерме нарығындағы сату көлемі өткен кезең ішінде 35,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,9%-ға артық.
Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді, мотоциклдерді жөндеу бойынша кәсіпорындармен 244,4 млн. теңге сомаға қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6%-ға артық көрсеткіш.

 

ӨНЕРКӘСІП
2010 жылдың қаңтар – наурызындағы Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 191,4 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 137,3%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің 10,8%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 19,4%-ға ұлғаюы байқалады. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 14,7%-ға және лигниттің 3,3%-ға ұлғаюымен байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 58,7%-нан келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 157%-ды құрады. Металлургия өнеркәсібінде 55,3%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 52,8%-ға, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру 5,7 есеге, негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру 20%-ға, ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру 57,5%-ға көлемінің ұлғаюы есебінен өсу байқалды.
Өнеркәсіп өндірісінің 28,5%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 118,5%-ды құрады. Электр энергиясын өндіру 24,6%-ға, жылу энергиясын өндіру 7,6%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 90,3%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қ. үлесіне 79,1 млрд. теңге немесе 41,3%-дан, Ақсу қ. – 66,8 млрд. теңгеден (34,9%), Екібастұз қ. – 41,4 млрд. теңгеден (21,7%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 160,9%-ды, Ақсу қ. – 144,2%-ды және Екібастұз қ. бойынша 118,8%-ды құрады.
Өндіріс көлемінің 95,8%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,3%-ды құрайды; өнімнің 80,4%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындар; 19,3%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыстағы ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемі 2010 жылдың қаңтар – наурызында 7,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,0%-ға артық көрсеткіш.
2010 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша облыста барлық мал түрінің саны ұлғайды.
Облыс бойынша ірі қара мал – 2,4%-ға, қой – 5,1%-ға, ешкі – 9,3%-ға, жылқы – 6,2%-ға, шошқа – 2,9%-ға, құс саны – 3,4%-ға өсті. Баянауыл ауданында ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқының ең жоғарғы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 15,4%-ға, 24,4%-ға, 17,3%-ға өскені байқалды. Шошқа көбінесе Ақсу қ.ә. – 22,5%-дан және құс Шарбақты ауданында – 34,3%-дан шоғырланған.
2010 жылғы 1 сәуірге облыс бойынша бұзау төлдері – 91,0 мың бас (2009 жылға 96,2%), торай – 45,2 мың бас (96,7%), қозы – 144,8 мың (99,1%), лақ – 12,7 мың (103,5%), құлын – 3,5 мың бас (92,9%) алынды. 100 төлдейтін малға есептегенде төл түсімі құлын мен лақтың өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 83,3% және 97,4%-ды құрады.
2010 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша облыста өткен жылдың сәйкес кезеңіне 569-ға қарсы 212 ірі қара мал басы, 3346-ға қарсы 3883 шошқа, 1230-ға қарсы 201 қой мен ешкі және 89-ға қарсы 31 жылқы өлгені тіркелді.
2010 жылдың қаңтар – наурызында тірідей салмақта 14 мың тонна мал мен құс еті (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,0%), 55 мың тонна сүт (102,3%), 43 млн. дана тауық жұмыртқасы (116,2%) өндірілді.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарында керісінше азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 21,2%-ға, үй шаруашылықтарында – 1,1%-ға ұлғайды, ал шаруа қожалықтарында 10,9%-ға азайды.
Облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы 2010 жылдың қаңтар – наурызында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 393-ке қарсы 385 кг құрады, бір мекиен-тауықтан алынған орташа жұмыртқа өнімі 45-ке қарсы 41 жұмыртқа алынды.

 

ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 2009 жылдың 1 тоқсаны деңгейіне қарағанда 3,1 млрд. теңгені немесе 68,8%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 93,2%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 6,8%-дан келеді.
2010 жылдың қаңтар – наурызында 84 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 61-і тұрғын үй және 23-і тұрғын үйге жарамсыз. Едәуір үлесті сауда (47,8%), көлік және байланыс (39,1%) объектілері құрайды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 2,4 есеге өсті және 16,3 мың шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (84,3%).
Облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 19,8 млрд. теңге немесе 2009 жылдың қаңтар – наурызы деңгейіне 100,1%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 3,2%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты 68,9%-ды, қарыз қаражаты үлесіне 24,2%-ды, бюджет қаражаты 6,9%-ды құрады.
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 27,9%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 70%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 2,1%-ды құрады.
Инвестициялау үшін өңдеу өнеркәсібі (облыстық көлемнен 55,2%), электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (25,3%) басым болып келеді. Өңдеу өнеркәсібінде инвесторлар үшін едәуір үлесті түсті металдарды өндіру (65,8%) алады.

 

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
2010 жылдың 1 тоқсанында облыс көлігімен (темір жол мен әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 13,7 млн. тоннаны құрады, бұл 2009 жылдың 1тоқсанына қарағанда 3,6%-ға артық. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 10,1%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 38,4%-ға азайды.
Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 6,7%-ға ұлғайды және 2,8 млрд. жолаушы-километрді құрады.
Облыстың электр байланысы кәсіпорындарымен 2010 жылдың 1 тоқсанында 2,0 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 110,4%-ды құрады. Халыққа көрсетілген байланыс қызметін өткізу үлесі табыстың жалпы сомасында 64,3%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты халықаралық және қалааралық телефон байланысы 26,2%-ды, интернет желісі қызметіне – 19,8%-ды алады.
2010 жылдың 1 тоқсанындағы пошта және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 84,7 млн. теңгені және нақты көлем индексі 103,5%-ды құрады.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
2010 жылдың 1 сәуіріне рынокта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға ұлғайды және 24,2 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,6 мың – заңды тұлғалар, 18,7 мың – жеке кәсіпкерлер, 2,9 мың – шаруа қожалықтары. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 3,8 %-ға ұлғайды және 91,4 мың адамды құрады. 2010 жылдың қаңтар – наурызындағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 1,4%-ға ұлғайды және 19,5 млрд. теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 16,5 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 2 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен – 1 млрд. теңге сомада өнім өндірілді.

 

  

2010 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ  ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

 

 Павлодар облысы Статистика департаментімен 2010 жылдың қаңтар –маусымындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды.

  

Демография
Еңбек нарығы және еңбекакы
Баға
Тұтыну нарығы
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс қызметі және инвестициялар
Көлік және байланыс
Шағын және орта кәсіпкерлік

 


ДЕМОГРАФИЯ

2010 жылдың 1 маусымына Павлодар облысы халқының есепті саны 751,6 мың адамды құрады. Қала халқы – 502,1 мың адам (66,8%), ал ауыл халқы – 249,5 мың адам (33,2%).
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлар бойы облыс бойынша 5022 туғандар саны тіркелді, бұл 2009 жылға қарағанда 5,2%-ға аз көрсеткіш.
Осы уақыт ішінде 3478 адам қайтыс болды (6%-ға артық). Бұрынғыдай, қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен қайтыс болғандардың үлес салмағы 2010 жылдың қаңтар-мамырында 55,9%-ды құрады.
Халықтың табиғи өсуі 1544 адамды құрады, сонымен қатар қалалық жерде 1067 адам, ауылдық жерде 477 адам санының өсуі байқалды.
Неке органдарында тіркелген неке саны 2010 жылдың 5 айы ішінде 1,3%-ға және ажырасу 9,5%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 1838 неке және 1121 ажырасу тіркелді.
2010 жылдың 5 айы ішінде облыстан республика шегіне 774 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 677 адам және әлемнің басқа елдеріне 97 адам қоныс аударды (2009 жылдың қаңтар-мамырында 1177 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 1090 және әлемнің басқа елдеріне 87 адам).
2010 жылдың қаңтар-мамырында ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 340 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 136 адамды құрады.

 

БАҒА

2010 жылдың маусымында тұтыну бағасының индексі 2009 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 104,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 4,5%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 1,8%-ға, ақылы қызметтерге – 7,2%-ға өсті.
Облыстың тұтыну нарығында 2010 жылдың 1 жартыжылдығындағы нан тағамдары мен жарма өнімдерінің бағасы 4,9%-ға төмендеді: жарма – 2,8%-ға, жоғары сортты бидай ұны – 6,5%-ға, бірінші сортты бидай ұны – 17,8%-ға, нан – 7,9%-ға, жұмыртқа – 13,6%-ға арзандады.
Сүт өнімдерінің топтары бойынша бағаның 4,4%-ға өсуі байқалды, пастерленген сүт – 5,9%-ға, айран – 12,7%-ға, қаймақ – 9,1%-ға өсті. Жеміс пен көкөністердің бағасы 21,9%-ға өсті: осы топтағы тауар бағаларының едәуір өсуі бас пияз (62,1%), қырыққабат (50,8%), сәбіз (45,6%), картоптан (33,2%), қызылшадан (31,2%), алмадан (10,5%) байқалды, бірақта қызанаққа – (1,5%), қиярға – (36,6%) баға төмендеді.
2010 жылдың қаңтар-маусымында ет және ет өнімдеріне – 7,1%%-ға, қантқа – 5%-ға бағаның өсуі байқалды.
2010 жылдың қаңтар-маусымында ақылы қызметтер бағасы 7,2%-ға қымбаттады. Көлік қызметінің төлемақысы 5,8%-ға: автобус – 6,1%-ға, поезд – 11,4%-ға, трамвай – 16,7%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметінің тарифтері – 10,1%-ға, байланыс қызметі – 7%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 4,8%-ға, қонақ үйлерде орналасу – 4,7%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында фармацевтикалық препараттарға – 13,8%-ға, бензинге – 3,8%, тұрмыстық заттарға – 2,5%, жуғыш және тазалайтын заттарға – 1,5%-ға, баспа басылымдарына – 1,3%-ға, киім-кешек және аяқ-киімге – 1%-ға баға едәуір өсті, ал цемент – 17,4%-ға, дизель отыны – 8%-ға арзандады.
2010 жылғы 1 жартыжылдықта өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарының баға индексі 106,8%-ды құрады. Өндірілген өнімнің бағасы 6,8%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтерге – 6,1%-ға өсті.
Өңдеу өнеркәсібіндегі баға 3%-ға, кен өндіру өнеркәсібінде – 4%-ға, электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлуде – 22,7%-ға өсті.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 1%-ға, мал шаруашылығы өнімі – 3,2%-ға өсті және өсімдік шаруашылығы өнімі 4,5%-ға төмендеді.
Маусым айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормаларын тұтыну негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 12603 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (13965 теңге) 9,7%-ға төмен көрсеткіш.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыстағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2010 жылдың қаңтар – маусым айларында 17,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,8%-ға артық көрсеткіш.
2010 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша облыста барлық мал түрінің саны ұлғайды.
Облыс бойынша ірі қара мал саны 1,7%-ға көбейді, қой – 4,0%-ға, ешкі – 8,4%-ға, жылқы – 4,9%-ға, шошқа – 4,9%-ға және құс саны 15,2%-ға өсті. Баянауыл ауданында ірі қара мал басының ең жоғары саны тіркелді, яғни қой мен ешкі, жылқы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 15,9%, 30,0%, 17,4%-ды құрады. Шошқаның едәуір саны Ақсу қ.ә. 20,8% және құстың едәуір саны Шарбақты ауданында 28,0% тіркелді.
2010 жылғы 1 шілдеге облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 146,6 мың бас (2009 жылға 99,8%), торай – 83,6 мың бас (96,3%), қозы – 224,6 мың (102,4%), лақ – 31,3 мың (101,9%), құлын саны – 28,2 мың бас (103,0%). 100 төлдейтін малға есептегенде құлын мен лақтың түсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 95,4% және 95,8%-ды құрады.
2010 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша облыста өткен жылдың сәйкес кезеңіне 493-ке қарсы 1611 ірі қара мал басы, 7702-ге қарсы 5343 шошқа, 370-ке қарсы 4325 қой мен ешкі және 66-ға қарсы 346 жылқы басының өлгені тіркелді.
2010 жылдың қаңтар – маусымында тірідей салмақта 30 мың тонна мал мен құс еті өндірілді (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,0%), 165 мың тонна сүт (100,2%) және 94 млн. дана тауық жұмыртқасы (114,3%) алынды.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарында керісінше азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 21%-ға, үй шаруашылықтарында – 0,8%-ға ұлғайды және шаруа қожалықтарында 16,4%-ға азайды.
Облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы 2010 жылдың қаңтар – маусымында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1170-ке қарсы 1176 кг құрады, бір мекиен-тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 95-ке қарсы 97 жұмыртқаны құрады.


ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 2009 жылдың 1 жартыжылдығы деңгейіне қарағанда 13,2 млрд. теңгені немесе 90,3%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 96,5%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 3,5%-дан келеді.
2010 жылдың қаңтар – маусымында 125 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 89-ы тұрғын үй және 36-сы тұрғын үйге жарамсыз. Едәуір үлесті көлік және байланыс (47,2%), сауда (38,9%) объектілері құрайды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы 20,9%-ға төмендеді және 32,5 мың шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын ғимараттардың жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (85,7%).
Облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 62,6 млрд. теңге немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңі деңгейіне 17,4%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 3,5%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты 67,9%-ды, қарыз қаражаты үлесіне 20,7%-ды, бюджет қаражаты 11,4%-ды құрады.
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 29,8%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 68%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 2,2%-ды құрады.
Инвестициялау үшін өңдеу өнеркәсібі (облыстық көлемнен 42,7%), электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (26,5%) басым болып келеді. Өңдеу өнеркәсібінде инвесторлар үшін едәуір үлесті түсті металдарды өндіру (64%) алады.

 

ӨНЕРКӘСІП

2010 жылдың қаңтар – маусымындағы Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 401,6 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 139,3%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің 9,9%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 32%-ға ұлғаюы байқалады. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 26,7%-ға және лигниттің 21,6%-ға ұлғаюымен байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 63,7%-нан келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 159,4%-ды құрады. Металлургия өнеркәсібінде – 51,5%-ға, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру – 61,9%-ға, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру – 5,7 есеге, негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру 24,4%-ға, ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру – 2,2 есеге көлемінің ұлғаюы есебінен өсу байқалды.
Өнеркәсіп өндірісінің 24,2%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 115,7%-ды құрады. Электр энергияны өндіру – 17,4%-ға, жылу энергияны өндіру – 8,9%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2,2%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 107%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қ. үлесіне 174,4 млрд. теңге немесе 43,4%-дан, Ақсу қ. – 141,2 млрд. теңгеден (35,2%), Екібастұз қ. – 77,2 млрд. теңгеден (19,2%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 168,6%-ды, Ақсу қ. – 141,1%-ды және Екібастұз қ. бойынша 175,8%-ды құрады.
Өндіріс көлемінің 95,6%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 77,8%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға келеді; 22%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.

 

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

2010 жылдың 1 жартыжылдығында облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 31 млн. тоннаны құрады, бұл 2009 жылдың қаңтар – маусымына қарағанда 10%-ға артық. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 0,2%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 35,2%-ға ұлғайды.
Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 9%-ға ұлғайды және 5,9 млрд. жо-лаушы-километрді құрады.
Облыстың электр байланысы кәсіпорындарымен 2010 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,1 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 111,9%-ды құрады. Халыққа көрсетілген байланыс қызметін өткізу үлесі табыстың жалпы сомасында 63,2%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты халықаралық және қалааралық телефон байланысы 26,3%-ды, Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі – 20,1%-ды алады.
2010 жылдың бірінші жартыжылдығында пошта және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 172,3 млн. теңгені және нақты көлем индексі 102,2%-ды құрады.

 

ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ

2010 жылдың қаңтар – маусымындағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 52,9 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,4%-ға ұлғайды.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек тауар айналымының үлесі 44,4%-ды құрады. Осы кәсіпорындар тауар айналымының нақты көлем индексі – 114,1%.
Облыстың көтерме нарығындағы сату көлемі өткен кезең ішінде 82,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7,5%-ға артық көрсеткіш.
Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді, мотоциклдерді жөндеу бойынша кәсіпорындармен 443,1 млн. теңге сомаға қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9 %-ға артық көрсеткіш.
Қоғамдық тамақтану қызметінің көлемі 1724,4 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 127,4%.

 

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ

2010 жылдың қаңтар – мамырында облыстағы ірі және орта кәсіпорындар тобы бойынша облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 171,6 мың адамды құрады.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 62132 теңге, оның өсуі 2009 жылдың қаңтар – мамырымен салыстырғанда 12,7-ға артық. Нақты жалақы 5,3%-ға көтерілді.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлердің еңбек ақысының едәуір көтерілуі кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде; тұру және тамақтану бойынша қызметтерде; ауыл, орман және балық шаруашылықтарында; өнеркәсіпте сәйкесінше 22,5; 18,8; сәйкесінше 16 және 15,7% байқалады.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 69165 теңге, Екібастұз қ.ә. – 66429 теңге және Павлодар қ.ә. – 63610 теңге.
Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу деректері бойынша 2010 жылдың 1 тоқсанындағы халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 71,6%-ды құрады. Экономикалық тұрғыдан белсенді халыққа жұмыспен қамтылу деңгейі 93,8%-ға жетті. Жұмыссыздар саны 26,7 мың адамды құрады, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,4 мың адамға аз. Жұмыспен қамтылмағандар ішінде қала халқы 68,3%-ды, ал ауыл халқы 31,7%-ды құрады. Жұмыссыздық деңгейі 6,2%-ға тең (2009 жылдың 1 тоқсанында – 6,6%).
Жұмысқа орналасу мәселесі жөнінде уәкілетті органдар есебінде тұрған жұмыссыздар саны 2010 жылдың 1 шілдесіне 3277 адамды құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 745 адамға аз.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санында тіркелген жұмыссыздардың үлесі – 0,8%-ды құрады.

 

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

2010 жылдың 1 шілдесіне рынокта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға ұлғайды және 20,2 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,7 мың – заңды тұлғалар, 14,7 мың – жеке кәсіпкерлер, 2,9 мың – шаруа қожалықтары. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 1,9%-ға ұлғайды және 81,1 мың адамды құрады. 2010 жылдың қаңтар – маусымындағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 2,5%-ға ұлғайды және 59,2 млрд. теңгені құрады. Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 48,8 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 7,8 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен – 2,6 млрд. теңге сомада өнім өндірілді.

 

 

2010 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

  

Павлодар облысы Статистика департаментімен 2010 жылдың қаңтар –қыркүйегіндегі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды.

 

 Жалпы өңірлік өнім

Демография
Еңбек нарығы және еңбекакы
Баға
Тұтыну нарығы
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс қызметі және инвестициялар
Көлік және байланыс
Шағын және орта кәсіпкерлік

 

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2010 жылдың 1 жартыжылдығындағы Павлодар облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 495,2 миллиард теңгені құрады және 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты есептеуде 41,2%-ға ұлғайды. Облыстың республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы 5,4%-ды құрады.
Жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көлемі «өнеркәсіп» саласына келеді – 245,3 млрд.теңге (49,5%).
Облыстағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ шамасы 659,5 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 15,8%-ға (569,6 мың теңгеге) жоғары.

 

ДЕМОГРАФИЯ

2010 жылдың 1 қыркүйегіне Павлодар облысы халқының есепті саны 752,2 мың адамды құрады. Қала халқы – 502,9 мың адам (66,9%), ал ауыл халқы – 249,3 мың адам (33,1%).
Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айлар бойы облыс бойынша 8307 туғандар саны тіркелді, бұл 2009 жылға қарағанда 2%-ға аз көрсеткіш.
Осы уақыт ішінде 5493 адам қайтыс болды (3,4%-ға артық). Бұрынғыдай, қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен қайтыс болғандардың үлес салмағы 2010 жылдың қаңтар-тамызында 53,7%-ды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 2814 адамды құрады, сонымен қатар қалалық жерде 1935 адам, ауылдық жерде 879 адам санының өсуі байқалды.
Неке органдарында тіркелген неке саны 2010 жылдың 8 айы ішінде 3,8%-ға және ажырасу 7,5%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 4001 неке және 1856 ажырасу тіркелді.
2010 жылдың 8 айы ішінде облыстан республика шегіне 1302 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 1184 адам және әлемнің басқа елдеріне 118 адам қоныс аударды (2009 жылдың қаңтар-тамызында 1936 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 1792 және әлемнің басқа елдеріне 144 адам).
2010 жылдың қаңтар-тамызында ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 561 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 144 адамды құрады.

 

 БАҒА

2010 жылдың 9 айында тұтыну бағасының индексі 105,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы – 5,2%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 3,5%-ға, ақылы қызметтер – 8,9%-ға өсті.
Облыстың тұтыну нарығында 2010 жылдың 9 айындағы нан тағамдары мен жарма өнімдерінің бағасы 0,1%-ға төмендеді: ұнтақ жармасы – 12,1%-ға, нан – 7,9%-ға, күріш – 1,8%-ға, вермишель – 0,8%-ға, жұмыртқа – 19,3%-ға арзандады.
Сүт өнімдерінің топтары бойынша бағаның 6,5%-ға өсуі байқалды, пастерленген сүт – 5,8%-ға, айран – 17,5%-ға, қаймақ – 13,9%-ға өсті. Жеміс пен көкөністердің бағасы 12,7%-ға өсті: осы топтағы тауар бағаларының едәуір өсуі бас пияз (61,8%), сарымсақ (37,3%), сәбіз (34,4%), қырыққабат (28,5%), қызылша (22,7%), алмадан (16,9%) байқалды, алайда қызанақ (39,5%-ға), қияр бағасы (52,3%-ға) төмендеді.
2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде күнбағыс майы– 10,2%-ға, ет және ет өнімдері – 7,8%-ға, балық пен теңіз өнімдері – 4%-ға, қант бағасы – 4,8%-ға өсуі байқалды.
2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде ақылы қызметтер бағасы 8,9%-ға қымбаттады. Көлік қызметінің төлемақысы 9,7%-ға: автобус – 6,1%-ға, поезд – 23,7%-ға, трамвай – 16,7%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметінің тарифтері – 10,1%-ға, білім беру қызметтері– 18,2%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 4,8%-ға, қонақ үйлерде орналасу – 4,7%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар нарығындағы бағалар фармацевтикалық препараттарға – 15,7%-ға, кеңсе тауарларына – 7,2%, бензинге – 4,2%, тұрмыстық заттарға – 2,5%, баспа басылымдарына – 2,3%, жуғыш және тазалайтын заттарға – 1,5%-ға, киім-кешек және аяқ-киімге – 2,7%-ға едәуір өсті, ал цемент – 17,4%-ға, дизель отыны – 8%-ға арзандады.
2010 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарының баға индексі 111,7%-ды құрады. Өндірілген өнім бағасы 11,6%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтер – 13,5%-ға өсті.
Өңдеу өнеркәсібіндегі баға 9,7%-ға, кен өндіру өнеркәсібінде – 1%-ға, электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлуде – 25,1%-ға өсті.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 5,5%-ға, мал шаруашылығы өнімі – 8,4%-ға өсті және өсімдік шаруашылығы өнімінің бағасы 1,8%-ға төмендеді.
Қыркүйек айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормалары негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 13058 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (14353 теңге) 9%-ға төмен көрсеткіш.

 

 АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыстағы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 2010 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында 45,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,6%-ға артық көрсеткіш.
2010 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша облыста құстан басқа барлық мал түрінің саны ұлғайды.
Облыс бойынша ірі қара мал саны 1%-ға, қой – 5,8%-ға, ешкі – 9,8%-ға, жылқы – 5,1%-ға, шошқа – 4,2%-ға көбейді және құс саны 2,1%-ға азайды. Баянауыл ауданында ірі қара мал басының ең жоғары саны тіркелді, яғни қой мен ешкі, жылқы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 16,3%, 25%, 17,6%-ды құрады. Шошқаның едәуір саны Ақсу қ.ә. – 22,6% және құстың едәуір саны Шарбақты ауданында – 28,8% тіркелді.
2010 жылғы 1 қазанда облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 147,8 мың бас (2009 жылға 99,9%), торай – 120,1 мың бас (103,2%), қозы – 224,6 мың (102,4%), лақ – 31,3 мың (101,9%), құлын саны – 28,4 мың бас (103,8%). 100 төлдейтін малға есептегенде құлын мен лақтың түсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 103,8% және 101,9%-ды құрады.
2010 жылғы 1 қазанға жағдай бойынша облыста өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 624-ке қарсы 1780 ірі қара мал басы, 12323-ке қарсы 8196 шошқа, 852-ге қарсы 4488 қой мен ешкі және 113-ке қарсы 401 жылқы басының өлгені тіркелді.
2010 жылдың қаңтар – қыркүйегінде тірідей салмақта 49 мың тонна мал мен құс еті өндірілді (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,7%), 286 мың тонна сүт (100,7%) және 144 млн. дана тауық жұмыртқасы (114,2%) алынды.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарында керісінше азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 24%-ға ұлғайды және үй шаруашылықтарында – 1,3%-ға, шаруа қожалықтарында – 16,8%-ға азайды.
Облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы 2010 жылдың қаңтар – қыркүйгінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2008-ге қарсы 2032 кг құрады, бір мекиен-тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 150-ге қарсы 152 жұмыртқаны құрады.

 

ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

Құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 2009 жылдың қаңтар –қыркүйектегі деңгейге қарағанда 30,4 млрд. теңгені, немесе 100,8%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 95,9%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 2,6%-дан, мемлекеттік мердігерлерінің үлесіне 1,5%-дан келеді.
2010 жылдың қаңтар – қыркүйегінде 182 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 103-і тұрғын үй және 79-ы тұрғын емес. Едәуір үлесті көлік және байланыс (35,4%) объектілері құрайды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 30,9%-ға төмендеді және 40,7 мың шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (84,6%).
Облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 120,3 млрд. теңге немесе 2009 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейге 21,7%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 3,8%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 64,6%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 20,9%-дан келді, бюджет қаражаты 14,5%-ды қрады.
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 35,4%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 61,6%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 3%-ды құрады.
Инвестициялау үшін өңдеу өнеркәсібі (облыстық көлемнен 36,6%), электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (27%) басым болып келеді. Өңдеу өнеркәсібінде инвесторлар үшін едәуір үлесті түсті металдарды өндіру (54,8%) алады.

 

 ӨНЕРКӘСІП

2010 жылдың қаңтар – қыркүйегінде Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 604,5 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 124,7%-ға жетті. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлеміндегі үлесі 7,2%-ға тең.
Өнеркәсіп өндірісінің 9,4%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 16,7%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 13,2%-ға және лигниттің 36%-ға ұлғаюына байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 66,5%-ынан келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 127,9%-ды құрады. Өндіріс көлемінің өсуі негізінен химия өнеркәсібіндегі көлемнің 31,6%-ға, металлургия өнеркәсібінде 27,9%-ға ұлғаюы есебінен болды, оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлес салмағы 77,5%-ды құрады. Ферроқорытпаларды өндіру 1,3 есеге, ал өңделмеген алюминийді өндіру 1,8 есеге артты.
Өнеркәсіп өндірісінің 22,1%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 113,5%-ға тең. Электр энергияны өндіру – 12,2%-ға және жылу энергиясын өндіру 7,2%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қаласының үлесіне 261 млрд. теңге немесе 43,2%-дан келеді, Ақсу қ. үлесіне – 217,1 млрд. теңгеден (35,9%) және Екібастұз қ. үлесіне 110,7 млрд. теңгеден (18,3%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 117,3%-ды, Ақсу қ. – 123,2%-ды және Екібастұз қ. бойынша 121,4%-ды құрады.
Өндіріс көлемінің 94,9%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 84,5%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға келеді; 15,3%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.

  

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

2010 жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 53,7 млн. тоннаны құрады, бұл 2009 жылдың қаңтар – қыркүйегіне қарағанда 15,1%-ға артық көрсеткіш. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 11%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 25,2%-ға ұлғайды.
Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 16,9%-ға ұлғайды және 9,8 млрд. жолаушы-километрді құрады.
2010 жылдың 9 айындағы пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 260,7 млн. теңгені және нақты көлем индексі 100,9%-ды құрады.
Облыстың электр байланыс кәсіпорындарымен ағымдағы жылдың 9 айында 6,2 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 111%-ға тең. Халыққа көрсетілген электр байланыс қызметінің өткізу үлесі 63,1%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты халықаралық және қалааралық телефон байланысы 25,6%-ды, Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі 21,1%-ды алады.

 

 ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ

Ағымдағы жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 82,7 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3%-ға ұлғайды.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек тауар айналымының үлесі 43,4%-ды құрады. Осы кәсіпорындар тауар айналымының нақты көлем индексі – 108,5%.
Облыстың көтерме нарығындағы өткен кезең ішіндегі сату көлемі 142,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18,4%-ға артық көрсеткіш.
Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді, мотоциклдерді жөндеу бойынша кәсіпорындармен 660,7 млн. теңге сомасында қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1%-ға артық көрсеткіш.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 2,7 млрд. теңге деңгейінде. Нақты көлем индексі 132%-ға тең.

 

 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ

2010 жылдың қаңтар – тамызындағы облыстың ірі және орта кәсіпорындар тобы бойынша облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 172,4 мың адамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,5%-ға артық.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 64871 теңге, оның өсуі 2009 жылдың қаңтар – тамызымен салыстырғанда 14,7% құрады. Нақты жалақы 7,3%-ға артты.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер еңбек ақысының едәуір жоғарылауы өңдеу өнеркәсібінде, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде; тұру және тамақтану бойынша қызметтерде; ауыл, орман және балық шаруашылықтарында сәйкесінше 17,4; 14,4; 15,7 және 13,7%%-ға байқалды.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 72194 теңге, Екібастұз қ.ә. – 68057 теңге және Павлодар қ.ә. – 66554 теңге.
2010 жылдың қаңтар – қыркүйегінде жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша) жұмыс іздеп жүрген 22447 адам өтінді, бұл 2009 жылдың қаңтар – қыркүйегіне қарағанда 6748 адамға аз, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар - 2159 адам. 16069 адам немесе өтінгендер санының 71,6%-ы, соның ішінде ауыл тұрғындарының 5766-сы жұмысқа орналастырылды.
2010 жылдың қыркүйек айының соңына жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарға ұйымдар тарапынан берілген жұмыскерлерге деген қажеттілік 1339 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 565 адамға аз.
Жұмыспен қамту мәсілесі жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2010 жылдың 1 қазанына 2440 адамды құрады, бұл 2009 жылдың тиісті мерзіміне қарағанда 874 адамға аз.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі – 0,5%-ды құрады.

 

 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

2010 жылдың 1 қазанына нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайды және 22,4 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,9 мың – заңды тұлға, 16,7 мың – жеке кәсіпкер, 2,9 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,2%-ға ұлғайды және 85,9 мың адамға жетті. 2010 жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 6,9%-ға ұлғайды және 114 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес саомағы 2,8%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 86,2 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 15,5 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 12,3 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.
 

 

2010 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

 

Павлодар облысы Статистика департаментімен 2010 жылдың қаңтар –желтоқсанындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды.

 

 Жалпы өңірлік өнім

Демография
Еңбек нарығы және еңбекакы
Баға
Тұтыну нарығы
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс қызметі және инвестициялар
Көлік және байланыс
Шағын және орта кәсіпкерлік

Статистикалық бизнес тіркелім

 

 

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2010 жылдың 9 айындағы Павлодар облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 753,3 миллиард теңгені құрады және 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты есептеуде 33,4%-ға ұлғайды. Облыстың республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы 5,2%-ды құрады.
Жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көлемі «өнеркәсіп» саласына келеді – 360,7 млрд.теңге (47,8%).
Облыстағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ шамасы 1 млн. теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 10,4%-ға (908 мың теңгеге) жоғары.

  

ДЕМОГРАФИЯ

2010 жылдың 1 желтоқсанына Павлодар облысы халқының есепті саны 746 мың адамды құрады. Қала халқы – 511,7 мың адам (68,6%), ал ауыл халқы – 234,3 мың адам (31,4%).
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айлар бойы облыс бойынша 11530 туғандар саны тіркелді, бұл 2009 жылға қарағанда 0,1%-ға аз көрсеткіш.
Осы уақыт ішінде 7606 адам қайтыс болды (3,3%-ға артық). Бұрынғыдай, қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен қайтыс болғандардың үлес салмағы 2010 жылдың қаңтар-қарашасында 53,6%-ды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 3924 адамды құрады, сонымен қатар қалалық жерде 2651 адам, ауылдық жерде 1273 адам санының өсуі байқалды.
Неке органдарында тіркелген неке саны 2010 жылдың 11 айы ішінде 4,2%-ға және ажырасу 5,3%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 6001 неке және 2553 ажырасу тіркелді.
2010 жылдың 11 айы ішінде облыстан республика шегіне 1853 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 1688 адам және әлемнің басқа елдеріне 165 адам қоныс аударды (2009 жылдың қаңтар-қарашасында 2655 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 2460 және әлемнің басқа елдеріне 195 адам).
2010 жылдың қаңтар-қарашасында облысқа шет елдерден 1447 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 776 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 671 адамды құрады.

  

БАҒА

2010 жылы тұтыну бағасының индексі 107,6%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,8%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы 4,4%-ға, ақылы қызметтерге 9,1%-ға өсті.
2010 жылы облыстың тұтыну нарығында ұнтақ жармасының бағасы 8,3%-ға төмендеді, нан – 3,4%-ға, күріш – 1,8%-ға арзандады.
Ұн және жарма топтары бойынша бағаның 13,5%-ға өсуі байқалды, ұн – 5%-ға, қарақұмық жармасы – 55,5%-ға; сүт өнімдерінің топтары бойынша баға 11,8%-ға өсті, пастерленген сүт – 9,5%-ға, қаймақ – 18,1%-ға, айран – 28,1%-ға өсті. Жеміс пен көкөністердің бағасы 20,3%-ға өсті, осы топтағы тауар бағаларының едәуір өсуі бас пияз (87,3%), сарымсақ (61,6%), сәбіз (42,7%), қызылша (47%), қырыққабат (34,8%), картоп (22,7%), алмадан (16,9%) байқалды, бірақ қызанаққа – 14,4%-ға, қиярға – 43,7%-ға баға төмендеді.
2010 жылы жұмыртқа – 2,5%-ға, шай – 5,2%-ға, балық және теңіз өнімдері – 5,3%-ға, ет және ет өнімдері – 8,9%-ға, қант – 14,1%-ға, күнбағыс майы – 19,5%-ға бағаларының өсуі байқалды.
2010 жылы ақылы қызметтер бағасы 9,1%-ға қымбаттады. Көлік қызметінің төлемақысы 8,8%-ға: поезд – 17,7%-ға, трамвай – 16,7%-ға, автобус – 6,1%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналдық қызметі тарифтері – 10,1%-ға, білім беру қызметі – 18,5%-ға, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 4,8%-ға, қонақ үйлерде орналасу – 4,7%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында дизель отыны – 17,3%-ға, бензин – 7,3%-ға, фармацевтикалық препараттар – 13,9%, кеңсе тауарлары – 7,2%-ға, киім-кешек және аяқ-киім – 3,2%-ға, тұрмыстық заттар – 3,1%-ға, баспа басылымдары – 2,3%-ға, жуғыш және тазалайтын заттар – 2,3%-ға бағалары едәуір өсті, ал цемент – 17,4%-ға арзандады.
2010 жылы өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарының баға индексі 116,6%-ды құрады. Өндірілген өнімнің бағасы 16,7%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтерге 14,9%-ға өсті.
Өңдеу кен өндіру өнеркәсібінде 1,1%-ға, өнеркәсібіндегі баға 17,3%-ға өсті, электр энергияны, газ бен суды өндіру және бөлуде 22,5%-ға өсті.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 14,4%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімі 19,6%-ға, мал шаруашылығы өнімі 12,3%-ға өсті.
Желтоқсан айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормалары негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 12419 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (13728 теңге) 9,5%-ға төмен.

  

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Облыстағы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 2010 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында 63,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 21,3%-ға төмен. Мал шаруашылығының нақты көлем индексі 101,9%-ды, өсімдік шаруашылығының нақты көлем индексі 61,1%-ды құрады.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста құстан басқа барлық мал түрінің саны ұлғайды.
Облыс бойынша ірі қара мал саны 1,1%-ға, қой – 4,2%-ға, ешкі – 6,1%-ға, жылқы – 4,8%-ға көбейді, шошқа саны өткен жылдың деңгейінде қалды және құс саны 7,8%-ға азайды. Баянауыл ауданында ірі қара мал басының ең жоғары саны тіркелді, яғни қой мен ешкі, жылқы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 16,7%, 25%, 17,2%-ды құрады. Шошқаның едәуір саны Павлодар қ.ә. – 21,8% және құстың едәуір саны Шарбақты ауданында – 36% тіркелді.
2011 жылғы 1 қаңтарына облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 149,3 мың бас (2009 жылға 100,1%), торай – 152,9 мың бас (101,4%), қозы – 224,6 мың (102,4%), лақ – 31,3 мың (101,9%), құлын саны – 28,4 мың бас (103,8%). 100 төлдейтін малға есептегенде бұзау және торай түсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 100% және 102,3%-ды құрады.
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 805-ке қарсы 1933 ірі қара мал басы, 16434-ке қарсы 12762 шошқа, 1280-ге қарсы 4607 қой мен ешкі және 147-ге қарсы 430 жылқы басының өлгені тіркелді.
2010 жылдың қаңтар – желтоқсанында тірідей салмақта 75 мың тонна мал мен құс еті өндірілді (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,9%), 347 мың тонна сүт (101,1%) және 186 млн. дана тауық жұмыртқасы (119,2%) алынды.
Мал шаруашылығы өнімінің негізгі өндірушілері халық шаруашылықтары болып табылады, олармен облыстағы 72% ет, 83% сүт, 32% жұмыртқа өндірілді.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында сүт өндіру ұлғайды, бірақ, ет өндіру азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 30,6%-ға ұлғайды және үй шаруашылықтарында – 0,4%-ға, шаруа қожалықтарында – 15,4%-ға азайды.
2010 жылдың қаңтар – желтоқсанында облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы өткен жылмен салыстырғанда 2429-ға қарсы 2460 кг құрады, бір мекиен-тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 188-ге қарсы 198 жұмыртқаны құрады.

 

 ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР

2010 жылдың қаңтар – желтоқсанында облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 190,8 млрд. теңге, немесе 2009 жылдың деңгейіне қарағанда 8,7%-ға артық. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 4%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 67,5%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 19,3%-дан келді, бюджет қаражаты 13,2%-ды құрады.
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 37%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 59,7%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 3,3%-ды құрады.
Инвестициялау үшін өңдеу өнеркәсібі (облыстық көлемнен 33,4%), электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (31,8%) басым болып келеді. Өңдеу өнеркәсібінде инвесторлар үшін едәуір үлесті түсті металдарды өндіру (56,2%) алады.
2010 жылдың қаңтар – желтоқсанында құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 2009 жылғы деңгейге қарағанда 55,3 млрд. теңгені, немесе 113,5%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 94,6%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 3,4%-дан, мемлекеттік мердігерлерінің үлесіне 2%-дан келеді.
2010 жылдың қаңтар – желтоқсанында 287 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 137-і тұрғын үй және 150-ы тұрғын емес. Едәуір үлесті көлік және байланыс (28%) объектілері құрайды.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 42%-ға төмендеді және 82,4 мың шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (81,4%).

 

 ӨНЕРКӘСІП

2010 жылдың қаңтар – желтоқсанында Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 852,4 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,1%-ға жетті. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлеміндегі үлесі 7,3%-ға тең.
Өнеркәсіп өндірісінің 9,4%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 14,7%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 8%-ға және лигниттің 35%-ға ұлғаюына байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 66,8%-ы келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 112,3%-ды құрады. Өндіріс көлемінің өсуі негізінен металлургия өнеркәсібінде 17,6%-ға ұлғаюы есебінен болды, оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлес салмағы 75,6%-ды құрады. Ферроқорытпаларды өндіру 1,2 есеге, ал өңделмеген алюминийді өндіру 1,8 есеге артты.
Өнеркәсіп өндірісінің 21,7%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 108,1%-ға тең. Электр энергияны өндіру – 8,4%-ға және жылу энергиясын өндіру 3,6%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2,1%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 97,6%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қаласының үлесіне 380,1 млрд. теңге, немесе 44,6%-дан келеді, Ақсу қ. үлесіне – 295,1 млрд. теңгеден (34,6%) және Екібастұз қ. үлесіне 155,1 млрд. теңгеден (18,2%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 115,1%-ды, Ақсу қ. – 116,9%-ды және Екібастұз қ. бойынша 113,5%-ды құрады.
Өндіріс көлемінің 94,7%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 84,4%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға келеді; 15,4%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.

  

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

2010 жылдың қаңтар – желтоқсандағы облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 78,5 млн. тоннаны құрады, бұл 2009 жылдың қаңтар – желтоқсанына қарағанда 15,8%-ға артық көрсеткіш. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 14,4%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 19,1%-ға ұлғайды.
Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 21,2%-ға ұлғайды және 14 млрд. жолаушы-километрді құрады.
2010 жылдың 12 айындағы пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 350,4 млн. теңгені және нақты көлем индексі 100,2%-ды құрады.
Облыстың электр байланыс кәсіпорындарымен ағымдағы жылдың 12 айында 8,4 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 111,6%-ға тең. Халыққа көрсетілген электр байланыс қызметінің өткізу үлесі 63,3%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты қалааралық телефон байланысы 25,1%-ды, Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі 21,4%-ды алады.

  

ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ

Ағымдағы жылдың қаңтар – желтоқсандағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 120,7 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,9%-ға ұлғайды.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек тауар айналымының үлесі 40,5%-ды құрады. Осы кәсіпорындар тауар айналымының нақты көлем индексі – 101%.
Облыстың көтерме нарығындағы өткен кезең ішіндегі сату көлемі 207,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18,3%-ға артық көрсеткіш.
Техникалық қызмет көрсету және автомобильдерді, мотоциклдерді жөндеу бойынша кәсіпорындармен 915,8 млн. теңге сомасында қызмет көрсетілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға артық көрсеткіш.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 4 млрд. теңге деңгейінде. Нақты көлем индексі 140,3%-ға тең.

  

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ

2010 жылдың қаңтар – қарашасында облыстың жалпы кәсіпорындар тобы бойынша (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардардың қызметкерлерін есептемегенде) облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 195,4 мың адамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,2%-ға артық.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 62965 теңге, оның өсуі 2009 жылдың қаңтар – қарашасымен салыстырғанда 15,9% құрады. Нақты жалақы 8,3%-ға артты.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер еңбек ақысының едәуір жоғарылауы тұру және тамақтану бойынша қызметтерде; өңдеу өнеркәсібінде; басқа да қызмет түрлерін көрсетуде; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде сәйкесінше 21,4; 15,9; 15; 14,7%-ға байқалды.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 71193 теңге, Екібастұз қ.ә. – 66108 теңге және Павлодар қ.ә. – 65695 теңге.
2010 жылы жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша) жұмыс іздеп жүрген 26038 адам өтінді, бұл 2009 жылға қарағанда 7653 адамға аз, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар – 8365 адам. 18749 адам, немесе өтінгендер санының 72%-ы, соның ішінде ауыл тұрғындарының 6882-сі жұмысқа орналастырылды.
2011 жылдың 1 қаңтарына жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарға ұйымдар тарапынан берілген жұмыскерлерге деген қажеттілік 350 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 48 адамға аз.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2011 жылдың 1 қаңтарына 2195 адамды құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 564 адамға аз.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі – 0,5%-ды құрады.

 

 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК

2011 жылдың 1 қаңтарына нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2010 жылдың сәйкес датасымен салыстырғанда 0,2%-ға ұлғайды және 24,4 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,8 мың – заңды тұлға, 18,9 мың – жеке кәсіпкер, 2,9 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,1%-ға ұлғайды және 115,5 мың адамға жетті. 2010 жылдың қаңтар – желтоқсанында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 0,1%-ға ұлғайды және 204,5 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 3%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 165,5 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 21,5 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 17,5 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.

 

СТАТИСТИКАЛЫҚ БИЗНЕС ТІРКЕЛІМ

2011 жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша Павлодар облысының Статистикалық бизнес тіркелімінде 11,7 мыңнан астам заңды тұлғалар тіркелді.
Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 68,9%, немесе 8107 бірлікті құрады. Жұмыс істейтіндер ішінде 61,3%-ын белсенділер (4971 бірлік), 8,1%-ын ¬– жаңадан тіркелгендер (652) және 30,6%-ға жуығын – уақытша қызметін тоқтатқандар (2484) құрады.
2011 жылдың 1 қаңтарына жұмыс істейтін заңды тұлғалардың үлес салмағы 2010 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 2,8 пайыздық тармаққа ұлғайды. Белсенді кәсіпорындар үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,4 пайыздық тармаққа ұлғайды.
Мөлшері бойынша едәуір үлес салмақты – 93,8%-ды – шағын кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін), 5,4%-ды – орта кәсіпорындар (51 – 250 адамға дейін), 0,8%-ды – ірі кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 250 адамнан аса) алады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындардың көбі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 32,1%-ы (3770 бірлік) мамандандырылған, ал кәсіпорындардың ең аз саны тұру бойынша қызметтерге – 0,8%-ы (98 бірлік) келеді.
Меншік нысаны бөлігінде жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар 85,7%-ды, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар – 12,7%-ды және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар – 1,6%-ды құрады
Ұйымдастырушылық–құқықтық нысаны бойынша едәуір үлесті шаруашылық серіктестіктер (74,5%) алады.
Аумақтық бөлігінде заңды тұлғалардан едәуір үлес салмағы Павлодар (67,1%), Екібастұз (17,1%), Ақсу (2,9%) қалаларына және Баянауыл ауданына келеді (1,8%).
2010 жылы әкімшілік көздерінің мәліметтері негізінде 85 кәсіпорындар банкрот болды және 2,2 мыңңан астам кәсіпорындар жойылды.





16 Мамыр
14 Мамыр
14 Мамыр

Мемлекеттік статистикасында инновациялар






Хабарландыру







140000, г.Павлодар, ул.Генерала Дюсенова, 9
Телефон: 8 (7182) 53 48 47
Факс: 53 25 95

Статистика департаменті

Баспасөз хатшысы

ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл
 




Әзірлеген және қолдаған
«Creatida» Интернет-компаниясы
© Статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында пайдаланған жағдайда Павлодар облысының Статистика департаментіне сілтеме жасауға міндетті