|
2011 жылдың 1 тоқсаныңдағы
2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы
2011 жылдың 9 айындағы
2011 жылдың 12 айындағы
2011 ЖЫЛДЫҢ 1 ТОҚСАНЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Павлодар облысы Статистика департаментімен 2011 жылдың қаңтар –наурызындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды.
Жалпы өңірлік өнім
Демография
Еңбек нарығы және еңбекакы
Баға
Тұтыну нарығы
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс қызметі және инвестициялар
Көлік және байланыс
Шағын және орта кәсіпкерлік
Статистикалық бизнес тіркелім
ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ
2010 жылдың 9 айындағы Павлодар облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 753,3 миллиард теңгені құрады және 2009 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты есептеуде 33,4%-ға ұлғайды. Облыстың республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы 5,2%-ды құрады.
Жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көлемі «өнеркәсіп» саласына келеді – 360,7 млрд.теңге (47,8%).
Облыстағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ шамасы 1 млн. теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 10,4%-ға (908 мың теңгеге) жоғары.
ДЕМОГРАФИЯ
2011 жылдың 1 наурызына Павлодар облысы халқының есепті саны 746,2 мың адамды құрады. Қала халқы – 512,1 мың адам (68,6%), ал ауыл халқы – 234,1 мың адам (31,4%).
Ағымдағы жылдың қаңтар – ақпан айлар бойы облыс бойынша 2047 туғандар саны тіркелді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6,4%-ға артық көрсеткіш.
Осы уақыт ішінде 1440 адам қайтыс болды (9,2%-ға артық). Бұрынғыдай, қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен қайтыс болғандардың үлес салмағы 2011 жылдың қаңтар-ақпанында 54,4%-ды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 607 адамды құрады, сонымен қатар қалалық жерде 415 адам, ауылдық жерде 192 адам санының өсуі байқалды.
Неке органдарында тіркелген неке саны 2011 жылдың 2 айы ішінде 4,2%-ға азайды, ал ажырасу – 2%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 616 неке және 398 ажырасу тіркелді.
2011 жылдың 2 айы ішінде облыстан республика шегіне 250 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 239 адам және әлемнің басқа елдеріне 11 адам қоныс аударды (2010 жылдың қаңтар – ақпанында 262 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 235 және әлемнің басқа елдеріне 27 адам).
2011 жылдың қаңтар – ақпанында облысқа шет елдерден 194 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 114 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 80 адамды құрады.
БАҒА
2011 жылдың наурызында тұтыну бағасының индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 103,7%-ды құрады. Азық – түлік тауарларының бағасы 6,3%-ға, азық – түлік емес тауарларының бағасы 0,8%-ға, ақылы қызметтерге 3,5%-ға өсті.
Облыстың тұтыну нарығында 2011 жылдың 1 тоқсанында ас тұзының бағасы 2,8%-ға төмендеді.
Ұн және жарма топтары бойынша бағаның 33,2%-ға өсуі байқалды, ұн – 26,5%-ға, қарақұмық жармасы – 69,1%-ға; сүт өнімдерінің топтары бойынша бағасы 3,4%-ға өсті, қаймақ – 3,4%-ға, сүзбе – 5,9%-ға, пастерленген сүт – 6,5%-ға, айран – 6,9%-ға өсті. Жеміс пен көкөністердің бағасы 14,3%-ға өсті. Осы топтағы тауар бағаларының едәуір өсуі қияр – 50,5%-ға, қырыққабат – 45,4%-ға, қызылша – 30%-ға, картоп – 21,1%-ға, бас пияз – 19,1%-ға, сәбізден – 14,8%-ға байқалды.
2011 жылдың 1 тоқсанында қантқа – 11,9%-ға, ет және ет өнімдеріне – 8,2%-ға, күнбағыс майына – 5,8%-ға, жұмыртқаға – 3%-ға, алкогольды сусындарға – 1,5%-ға бағаның өсуі байқалды.
Ақылы қызметтер бағасы 3,5%-ға қымбаттады. Көлік қызметінің төлемақысы 0,5%-ға өсті, оның ішінде поезд төлемақысы 2,3%-ға қымбаттады. Байланыс қызметінің тарифтері 9,6%-ға, қаржы және сақтандыру қызметтері – 7%-ға, шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелерінің кызметі – 5%-ға, тұрғын үй-коммуналдық қызметі– 3,1%-ға, білім беру қызметі – 2,2%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында дизель отынына – 11,2%-ға, бензинге – 4,2%-ға, жуғыш және тазалайтын заттарға – 1,3%-ға, киім-кешек және аяқ-киімге – 0,8%-ға баға едәуір өсті.
2011 жылғы 1 тоқсанда өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарының баға индексі 106,8%-ды құрады. Өндірілген өнімнің бағасы 6,8%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтерге 7,7%-ға өсті.
Кен өндіру өнеркәсібіндегі баға 17,1%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 0,8%-ға, электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптауда – 17,3%-ға, сумен жабдықтауда – 5,3%-ға өсті.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 8,5%-ға, мал шаруашылығы өнімінің бағасы – 9,9%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімі – 5,2%-ға өсті.
Наурыз айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормалары негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 14381 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (15609 теңге) 7,9%-ға төмен.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыстағы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар – наурыз айларында 8,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,3%-ға артық.
2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста шошқадан басқа барлық мал түрінің саны ұлғайды.
Облыс бойынша ірі қара мал саны 0,5%-ға, қой – 4,9%-ға, ешкі – 6,4%-ға, жылқы – 6,5%-ға, құс – 2,5%-ға көбейді, шошқа саны 9,6%-ға азайды. Баянауыл ауданында ірі қара мал басының ең жоғары саны тіркелді, яғни қой мен ешкі, жылқы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 16%, 24%, 17%-ды құрады. Шошқа және құстың едәуір саны Шарбақты ауданында – сәйкесінше 21% және 37% тіркелді.
2011 жылғы 1 сәуіріне облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 90,6 мың бас (2009 жылға 99,6%), торай – 38,2 мың бас (84,5%), қозы – 150,6 мың (104%), лақ – 13,6 мың (107%), құлын саны – 3,9 мың бас (111,9%). 100 төлдейтін малға есептегенде бұзау және торай түсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 110% және 102,6%-ды құрады.
2011 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыста өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 569-ға қарсы 266 ірі қара мал басы, 3346-ға қарсы 2792 шошқа, 1230-ға қарсы 104 қой мен ешкі және 89-ға қарсы 31 жылқы басының өлгені тіркелді.
Ағымдағы жылдың 3 айы ішінде тірідей салмақта 15 мың тонна мал мен құс еті өндірілді (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,9%), 55 мың тонна сүт (101,1%) және 42 млн. дана тауық жұмыртқасы (98,5%) алынды.
Мал шаруашылығы өнімінің негізгі өндірушілері халық шаруашылықтары болып табылады, олармен облыстағы 72% ет, 81% сүт, 22% жұмыртқа өндірілді.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында сүт өндіру ұлғайды, бірақ, ет өндіру азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 1%-ға ұлғайды, үй шаруашылықтарында – өткен жылдың деңгейінде қалды, ал шаруа қожалықтарында – 1,9%-ға азайды.
2011 жылдың қаңтар – наурызында облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы өткен жылмен салыстырғанда 392-ға қарсы 395 кг құрады, бір мекиен – тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 45-ге қарсы 47 жұмыртқаны құрады.
ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2011 жылдың қаңтар – наурызында облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 24,7 млрд. теңге, немесе 2010 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 117,6%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 3,6%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 80,9%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 12%-дан келді, бюджет қаражаты 7,1%-ды құрады.
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 28,7%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 66,6%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 4,7%-ды құрады.
Инвестициялау үшін электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (облыстық көлемнен 42%), өңдеу өнеркәсібі (29,9%) басым болды.
2011 жылдың қаңтар – наурызында құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 5,4 млрд. теңгені, немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 163,3%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 98,1%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 1,9%-дан келеді.
2011 жылдың қаңтар – наурызында 47 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 32-і тұрғын үй және 15-і тұрғын емес.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 69%-ға төмендеді және 5043 шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (73%).
ӨНЕРКӘСІП
2011 жылдың қаңтар – наурызында Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 249,7 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға жетті. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлеміндегі үлесі 6,8%-ға тең.
Өнеркәсіп өндірісінің 10%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 13,2%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 9,9%-ға және лигниттің 39,9%-ға ұлғаюына байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 61,1%-ы келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 98,5%-ды құрады. Бұл мұнай өңдеу өнімдерін өндірудегі көлемдердің 28,1%-ға және ферроқорытпаларды өндірудегі көлемдердің 1,9%-ға төмендеуіне байланысты болды.
Өнеркәсіп өндірісінің 26,8%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 106,2%-ға тең. Электр энергияны өндіру 8,1%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2,1%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 127,8%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қаласының үлесіне 110,6 млрд. теңге, немесе 44,3%-дан келеді, Ақсу қ. үлесіне – 78,5 млрд. теңгеден (31,4%) және Екібастұз қ. үлесіне 54,9 млрд. теңгеден (22%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 98,3%-ды, Ақсу қ. – 99,9%-ды және Екібастұз қ. бойынша 115,4%-ды құрады.
Өндіріс көлемінің 95,2%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 83,4%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға келеді; 16,4%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.
КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
2011 жылдың қаңтар – наурызындағы облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 16,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың қаңтар – наурызына қарағанда 17,7%-ға артық көрсеткіш. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 11,2%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 28,5%-ға ұлғайды.
Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 42%-ға ұлғайды және 3,9 млрд. жолаушы – километрді құрады.
2011 жылдың қаңтар – наурызындағы пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 98,8 млн. теңгені және нақты көлем индексі 116,3%-ды құрады.
Облыстың электр байланыс кәсіпорындарымен ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 2,2 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 113%-ға тең. Халыққа көрсетілген электр байланыс қызметінің өткізу үлесі 66%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты қалааралық телефон байланысы және Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі 25%-дан алады.
ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ
2011 жылдың қаңтар – наурызындағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 30,5 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға ұлғайды.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек тауар айналымының үлесі 36,5%-ды құрады. Осы кәсіпорындар тауар айналымының нақты көлем индексі – 90,8%.
Облыстың көтерме нарығындағы өткен кезең ішіндегі сату көлемі 42,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 11,2%-ға артық көрсеткіш.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 937,5 млн. теңге деңгейінде қалыптасты. Нақты көлем индексі 107,2%-ға тең.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ
2011 жылдың қаңтар – ақпанында облыстың жалпы кәсіпорындар тобы бойынша (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардардың қызметкерлерін есептемегенде) облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 197,4 мың адамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,3%-ға артық.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 64680 теңгені, оның өсуі 2010 жылдың қаңтар – ақпанымен салыстырғанда 16,3%-ды құрады. Нақты жалақы 8,4%-ға артты.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер еңбек ақысының едәуір жоғарылауы өзге қызмет түрлерін көрсету; өнер, ойын – сауық және демалыс; кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтерде сәйкесінше 35,7%; 35%; 30,2%-ға байқалды.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 72576 теңге, Екібастұз қ.ә. – 70007 теңге және Павлодар қ.ә. – 67021 теңге болып тіркелді.
2011 жылдың қаңтар – наурызында жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша) жұмыс іздеп жүрген 3955 адам өтінді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2768 адамға аз, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар – 1569 адам. 1963 адам, немесе өтінгендер санының 49,6%-ы, соның ішінде ауыл тұрғындарының 763-і жұмысқа орналастырылды.
2011 жылдың 1 сәуіріне жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарға ұйымдар тарапынан берілген жұмыскерлерге деген қажеттілік 685 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 59 адамға артық.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2011 жылдың 1 сәуіріне 2948 адамды құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 1136 адамға аз.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,7%-ды құрады.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
2011 жылдың 1 сәуіріне нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2010 жылдың сәйкес датасымен салыстырғанда 3,5%-ға ұлғайды және 25,3 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,9 мың – заңды тұлға, 19,1 мың – жеке кәсіпкер, 3,2 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,2%-ға ұлғайды және 96,6 мың адамға жетті. 2011 жылдың қаңтар – наурызында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2010 жылдың қаңтар – наурызымен салыстырғанда (тұрақты бағада) 2,2%-ға ұлғайды және 56 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 3,3%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 49,2 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 5,5 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 1,3 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.
СТАТИСТИКАЛЫҚ БИЗНЕС ТІРКЕЛІМ
2011 жылдың 1 сәуіріне жағдай бойынша Павлодар облысының Статистикалық бизнес тіркелімінде 11,8 мыңнан астам заңды тұлғалар тіркелді.
Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 69,7%-ды, немесе 8257 бірлікті құрады. Жұмыс істейтіндер ішінде 60,6%-ын белсенділер (5003 бірлік), 30,4%-ын – уақытша қызметін тоқтатқандар (2509), 9%-ын ¬– жаңадан тіркелгендер (745) құрады.
2011 жылдың 1 сәуіріне жұмыс істейтін заңды тұлғалардың үлес салмағы 2010 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 3,5 пайыздық тармаққа ұлғайды. Белсенді кәсіпорындар үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,1 пайыздық тармаққа ұлғайды.
Мөлшері бойынша едәуір үлес салмақты (93,7%) шағын кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін), 5,5%-ды – орта кәсіпорындар (51 – 250 адамға дейін), 0,8%-ды – ірі кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 250 адамнан аса) алады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындардың көбі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 32,1%-ы (3801 бірлік) мамандандырылған, ал кәсіпорындардың ең аз саны тұру бойынша қызметтерге – 0,8%-ы (98 бірлік) келеді.
Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан 10,1%-ы (1193 бірлік) өнеркәсіп кәсіпорындарына келеді, олардың ішінде едәуір саны өңдеу өнеркәсібіне – 86,5% (1132), ал ең аз саны электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласына 3,8%-ы (45) келеді.
Меншік нысаны бөлігінде жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар 85,9%-ды, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар – 12,5%-ды және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар – 1,6%-ды құрады
Ұйымдастырушылық – құқықтық нысаны бойынша едәуір үлесті шаруашылық серіктестіктер (74,8%) алады.
Аумақтық бөлігінде заңды тұлғалардан едәуір үлес салмағы Павлодар (67,2%), Екібастұз (17,2%), Ақсу (2,9%) қалаларына және Баянауыл ауданына келеді (1,8%).
2011 ЖЫЛДЫҢ 1 ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Павлодар облысы Статистика департаментімен 2011 жылдың қаңтар –маусымындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды.
Жалпы өңірлік өнім
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс қызметі және инвестициялар
Көлік және байланыс
Тұтыну нарығы
Статистикалық бизнес тіркелім
Баға
Еңбек нарығы және еңбекакы
Шағын және орта кәсіпкерлік
Демография
ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ
2011 жылдың 1 тоқсанындағы Павлодар облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 255,5 миллиард теңгені құрады және 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы есептеуде 14,5%-ға ұлғайды. Облыстың республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы 5%-ды құрады.
Жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көлемі «өнеркәсіп» саласына келеді – 126,6 млрд.теңге (49,5%).
Облыстағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ шамасы 342,3 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 9,4%-ға (312,9 мың теңгеге) жоғары.
2011 жылдың 1 тоқсанындағы жалпы өңірлік өнімді өндіру
|
|
Жалпы өңірлік өнім, млн. теңге
|
Қорытындыға
%-бен
|
Республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы, %
|
|
Павлодар облысы
|
255 518,2
|
100,0
|
5,0
|
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
|
6 068,9
|
2,4
|
5,3
|
|
Өнеркәсіп
|
126 626,4
|
49,5
|
7,0
|
|
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
|
12 375,5
|
4,8
|
1,1
|
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
79 560,9
|
31,1
|
14,0
|
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау
|
29 192,3
|
11,4
|
22,9
|
|
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
|
5 497,7
|
2,2
|
27,5
|
|
Құрылыс
|
7 058,3
|
2,8
|
2,9
|
|
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу
|
20 834,6
|
8,2
|
3,2
|
|
Көлік және қоймалау
|
21 529,1
|
8,4
|
6,0
|
|
Ақпарат және байланыс
|
2 260,2
|
0,9
|
1,6
|
|
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар
|
17 640,1
|
6,9
|
3,9
|
|
Өзге қызметтер
|
36 158,3
|
14,1
|
3,3
|
|
Қаржы делдалдығының жанама өл-шемді қызметтері (-)
|
3 141,0
|
1,2
|
2,3
|
|
Өнімдер мен импортқа салынған таза салықтар
|
20 483,3
|
8,0
|
4,9
|
ӨНЕРКӘСІП
2011 жылдың қаңтар – маусымында Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 487,4 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 97,9%-ға жетті. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлеміндегі үлесі 6,3%-ға тең.
Өнеркәсіп өндірісінің 9%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 7,6%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 0,4%-ға және лигниттің 34,6%-ға ұлғаюына байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 64,9%-ы келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 96,5%-ды құрады. Бұл мұнай өңдеу өнімдерін өндірудегі көлемдердің 27,6%-ға және ферроқорытпаларды өндірудегі көлемдердің 0,4%-ға төмендеуіне байланысты болды.
Өнеркәсіп өндірісінің 23,7%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 104,1%-ға тең. Электр энергияны өндіру 5,5%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2,4%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 118,5%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қаласының үлесіне 221,3 млрд. теңге, немесе 45,4%-дан келеді, Ақсу қ. үлесіне – 154,9 млрд. теңгеден (31,8%) және Екібастұз қ. үлесіне 98,7 млрд. теңгеден (20,2%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 94,5%-ды, Ақсу қ. – 100,5%-ды және Екібастұз қ. бойынша 107,7%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі индексі

Өндіріс көлемінің 94,5%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 83,1%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға келеді; 16,7%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыстағы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар – маусым айларында 22,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,9%-ға артық.
2011 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша облыста ешкі мен шошқадан басқа барлық мал түрінің саны ұлғайды.
Облыс бойынша ірі қара мал саны 0,8%-ға, қой – 4,8%-ға, жылқы – 5,5%-ға, құс – 1,1%-ға көбейді, шошқа саны 9,1%-ға, ешкі 1,8%-ға азайды. Баянауыл ауданында ірі қара мал басының ең жоғары саны тіркелді, яғни қой мен ешкі, жылқы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 16%, 26%, 17%-ды құрады. Шошқа және құстың едәуір саны Шарбақты ауданында – сәйкесінше 23% және 30% тіркелді.
2011 жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 145 мың бас (2010 жылға 98,9%), торай – 67,8 мың бас (81%), қозы – 242,3 мың (108%), лақ – 32,7 мың (105%), құлын саны – 29,4 мың бас (104%). 100 төлдейтін малға есептегенде қозы және лақ түсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 100% және 101,1%-ды құрады.
2011 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша облыста өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 1611-ге қарсы 486 ірі қара мал басы, 5343-ке қарсы 5444 шошқа, 4325-ке қарсы 267 қой мен ешкі және 346-ға қарсы 70 жылқы басының өлгені тіркелді.
Ағымдағы жылдың 6 айы ішінде тірідей салмақта 31 мың тонна мал мен құс еті өндірілді (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 100,9%), 166,2 мың тонна сүт (100,8%) және 95 млн. дана тауық жұмыртқасы (101,3%) алынды.
Мал шаруашылығы өнімінің негізгі өндірушілері халық шаруашылықтары болып табылады, олармен облыстағы 70% ет, 83% сүт, 29% жұмыртқа өндірілді.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 2,2%-ға ұлғайды, шаруа қожалықтарында – 1,8%-ға, үй шаруашылықтарында – 0,6-ға азайды.
2011 жылдың қаңтар – маусымында облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы өткен жылмен салыстырғанда 1173-ке қарсы 1175 кг құрады, бір мекиен – тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 98-ге қарсы 102 жұмыртқаны құрады.
2011 жылдың 1 шілдесіне мал шаруашылығының көрсеткіштері
|
|
2011ж.
қаңтар – маусымы
|
2010ж.
тиісті кезеңіне, пайызбен
|
|
Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының негізгі түрлерінің саны
|
|
|
|
Ірі қара мал., мың бас
|
457,1
|
100,8
|
|
Қой, мың бас
|
593,1
|
104,8
|
|
Ешкі, мың бас
|
85,5
|
98,2
|
|
Шошқа, мың бас
|
93,7
|
80,1
|
|
Жылқы, мың бас
|
104,9
|
105,5
|
|
Құс, мың бас
|
1 531,9
|
101,1
|
|
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
|
|
|
|
Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені, мың тонна
|
30,9
|
100,9
|
|
Сауылған сиыр сүті, мың тонна
|
166,2
|
100,8
|
|
Алынған тауық жұмыртқалары, млн. дана
|
95,4
|
101,3
|
|
Мал мен құстың өнімділігі
|
|
|
|
Бір сиырдан сауылған орташа сүт сауылымы, кг
|
1 175
|
100,2
|
|
Бір мекиен тауықтың орташа жұмыртқалағыштығы, дана
|
102
|
104,1
|
ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2011 жылдың қаңтар – маусымында облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 68,3 млрд. теңгені, немесе 2010 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 102,4%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 3,7%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 67,9%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 23,3%-дан келді, бюджет қаражаты 8,8%-ды құрады.
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 33,6%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 61,6%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 4,8%-ды құрады.
Инвестициялау үшін өңдеу өнеркәсібі (облыстық көлемнен 40,8%), электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (28,7%) басым болды.
2011 жылдың 1 жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 19 млрд. теңгені, немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 135,9%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 97%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 3%-дан келеді.
163 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 96-сы тұрғын үй және 67-і тұрғын емес.
Өткен жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 35,5%-ға төмендеді және 20948 шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (58,7%).
Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
2011 жылдың қаңтар – маусымындағы облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 34,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың қаңтар – маусымына қарағанда 9,9%-ға артық көрсеткіш. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 1,8%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 33,6%-ға ұлғайды.
Көліктің жүк айналымы, млн. т/км

Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 36,5%-ға ұлғайды және 8 млрд. жолаушы – километрді құрады.
2011 жылдың қаңтар – маусымындағы пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 204,3 млн. теңгені және нақты көлем индексі 118,8%-ды құрады.
Облыстың электр байланыс кәсіпорындарымен ағымдағы жылдың қаңтар – маусымында 4,6 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 112,7%-ға тең. Халыққа көрсетілген электр байланыс қызметінің өткізу үлесі 65,6%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты Интернет желісіне қол жеткізу мүмкіндігі қызметі 25,2%-ды алады.
2011 жылдың 1 шілдесіне байланыс қызметтерінің көрсеткіштері
|
|
Үлес салмақ
|
2011ж. қаңтар – маусымы млн. теңге
|
2011ж. қаңтар – маусымы 2010ж. қаңтар – маусымына
|
|
Пошталық және курьерлік байланыс қызметінен түскен табыс, барлығы
|
100,0
|
204,3
|
118,8
|
|
Халыққа көрсетілетін пошталық және курьерлік байланыс қызметінен түскен табыс
|
100,0
|
128,7
|
117,5
|
|
Байланыс қызметінен түскен табыс, барлығы
|
100,0
|
4 596,0
|
112,7
|
|
Мобильдік байланыс
|
0,1
|
7,0
|
76,6
|
|
Қалааралық телефон байланысы
|
21,4
|
981,1
|
111,5
|
|
Өзге байланыс қызметі
|
17,9
|
821,4
|
109,3
|
|
Ғаламтор
|
25,2
|
1 160,3
|
139,9
|
|
Жергілікті телефон байланысы
|
24,7
|
1 132,8
|
101,2
|
|
Деректерді табыстау
|
1,7
|
80,0
|
113,8
|
|
Сымсыз желілер және спутник,
кабельді инфракұрылым арқылы
бағдарламаларды тарату қызметтері
|
9,0
|
413,4
|
112,2
|
|
Халыққа көрсетілетін электр байланысы қызметінен түскен табыс
|
65,6
|
3 015,7
|
108,9
|
ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ
2011 жылдың қаңтар – маусымындағы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемі 64,4 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,8%-ға ұлғайды.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек тауар айналымының үлесі 37,4%-ды құрады. Осы кәсіпорындар тауар айналымының нақты көлем индексі – 95,8%.
Бөлшек сауда айналымының құрылымы, %

Облыстың көтерме нарығындағы өткен кезең ішіндегі сату көлемі 166,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 85,4%-ға артық көрсеткіш.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 1,9 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. Нақты көлем индексі 104,8%-ға тең.
СТАТИСТИКАЛЫҚ БИЗНЕС ТІРКЕЛІМ
2011 жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша Павлодар облысының Статистикалық бизнес тіркелімінде 11972 заңды тұлғалар тіркелді.
Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 67,9%-ды, немесе 8123 бірлікті құрады. Жұмыс істейтіндер ішінде 62,1%-ын белсенділер (5048 бірлік), 28,8%-ын – уақытша қызметін тоқтатқандар (2342), 9,1%-ын ¬– жаңадан тіркелгендер (733) құрады.
1 шілдедегі белсенділігі бойынша тіркелген заңды тұлғалар

2011 жылдың 1 шілдесіне жұмыс істейтін заңды тұлғалардың үлес салмағы 2010 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 4,2 пайыздық тармаққа ұлғайды. Белсенді кәсіпорындар үлесі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2 пайыздық тармаққа ұлғайды.
Мөлшері бойынша едәуір үлес салмақты (93,8%) шағын кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін), 5,4%-ды – орта кәсіпорындар (51 – 250 адамға дейін), 0,8%-ды – ірі кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 250 адамнан аса) алады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындардың көбі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 32,2%-ы (3853 бірлік) мамандандырылған, ал кәсіпорындардың ең аз саны тұру бойынша қызметтерге – 0,8%-ы (101 бірлік) келеді.
Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан 10,1%-ы (1205 бірлік) өнеркәсіп кәсіпорындарына келеді, олардың ішінде едәуір саны өңдеу өнеркәсібіне – 86,5% (1042), ал ең аз саны электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласына 3,7%-ы (45) келеді.
Меншік нысаны бөлігінде жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар 86%-ды, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар – 12,3%-ды және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар – 1,7%-ды құрады
Ұйымдастырушылық – құқықтық нысаны бойынша едәуір үлесті шаруашылық серіктестіктер (75,1%) алады.
Аумақтық бөлігінде заңды тұлғалардан едәуір үлес салмағы Павлодар (67,3%), Екібастұз (17,2%), Ақсу (2,9%) қалаларына және Баянауыл ауданына келеді (1,8%).
БАҒА
2011 жылдың маусымында тұтыну бағасының индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 105%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,1%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы 2,3%-ға, ақылы қызметтерге 4%-ға өсті.
Облыстың тұтыну нарығында 2011 жылдың 1 жартыжылдығында жұмыртқаның бағасы 17,2%-ға, шикі сүтке – 5,5%-ға, ас тұзға 2,8%-ға төмендеді.
Ұн және жарма топтары бойынша бағаның 41,5%-ға өсуі байқалды: ұн – 26,5%-ға, қарақұмық жармасы – 102%-ға; сүт өнімдерінің топтары бойынша бағасы 4,4%-ға өсті: қаймақ – 3,4%-ға, айран – 6,9%-ға, пастерленген сүт – 8,4%-ға, сүзбе – 9,3%-ға өсті. Жеміс пен көкөністердің бағасы 11,5%-ға өсті. Осы топтағы тауар бағаларының едәуір өсуі қызылша – 38,1%-ға, бас пияз – 21,4%-ға, картоп – 21,1%-ға, қырыққабат – 18,7%-ға, сәбізден – 16,1%-ға байқалды.
2011 жылдың 1 жартыжылдығында ет және ет өнімдеріне – 13%-ға, қантқа – 11,3%-ға, күнбағыс майына – 5,8%-ға, шайға – 5,6%-ға, темекі өнімдеріне – 4,3%-ға, алкогольды сусындарға – 1,5%-ға бағаның өсуі байқалды.
Ақылы қызметтер бағасы 4%-ға қымбаттады. Көлік қызметінің төлемақысы 2,9%-ға өсті, оның ішінде трамвай төлемақысы 14,3%-ға, пойыз – 13,6%-ға қымбаттады. Байланыс қызметінің тарифтері 9,6%-ға, шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелерінің кызметі – 6,3%-ға, тұрғын үй-коммуналдық қызметі– 4%-ға, білім беру қызметі – 2,8%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында бензинге – 12,1%-ға, сұйытылған газға – 10,5%-ға, жуғыш және тазалайтын заттарға – 3,2%-ға, киім-кешек және аяқ-киімге – 1,2%-ға баға едәуір өсті.
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға және тарифтердің өзгеруі

Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарының баға индексі 110,6%-ды құрады. Өндірілген өнімнің бағасы 10,8%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтерге 7,7%-ға өсті.
Кен өндіру өнеркәсібіндегі баға 19%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 6,7%-ға, электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптауда – 16,6%-ға, сумен жабдықтауда – 5,4%-ға өсті.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 8,6%-ға, мал шаруашылығы өнімінің бағасы – 9,5%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімі – 6,4%-ға өсті.
Маусым айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормалары негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 15642 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (16851 теңге) 7,2%-ға төмен.
2010-2011жж. күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы

ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ
2011 жылдың қаңтар – мамырында облыстың жалпы кәсіпорындар тобы бойынша (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардардың қызметкерлерін есептемегенде) облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 198,6 мың адамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,3%-ға артық.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 67716 теңгені, оның өсуі 2010 жылдың қаңтар – мамырымен салыстырғанда 13,6%-ды құрады. Нақты жалақы 5,6%-ға артты.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер еңбек ақысының едәуір жоғарылауы өзге қызмет түрлерін көрсету; тұру және тамақтану бойынша қызметтер; өнер, ойын – сауық және демалыс сәйкесінше 34,5%; 30%; 28,9%-ға байқалды.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 77206 теңге, Екібастұз қ.ә. – 73068 теңге және Павлодар қ.ә. – 70407 теңге болып тіркелді.
2011 жылдың қаңтар – маусымында жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша) жұмыс іздеп жүрген 8086 адам өтінді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 8532 адамға аз, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар – 1925 адам. 5135 адам, немесе өтінгендер санының 63,5%-ы, соның ішінде ауыл тұрғындарының 2389-і жұмысқа орналастырылды.
2011 жылдың 1 шілдесіне жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарға ұйымдар тарапынан берілген жұмыскерлерге деген қажеттілік 1216 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 560 адамға артық.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2011 жылдың 1 шілдесіне 2644 адамды құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 633 адамға аз.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,6%-ды құрады.
Облыс аумақтары бойынша орташа айлық жалақы

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
2011 жылдың 1 шілдесіне нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2010 жылдың сәйкес датасымен салыстырғанда 13,3%-ға ұлғайды және 25,4 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,9 мың – заңды тұлға, 19,3 мың – жеке кәсіпкер, 3,2 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 1,2%-ға ұлғайды және 108,6 мың адамға жетті. 2011 жылдың қаңтар – маусымында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2010 жылдың қаңтар – маусымымен салыстырғанда (тұрақты бағада) 2,8%-ға ұлғайды және 110,1 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 3,4%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 93,6 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 13,1 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 3,4 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері
|
|
2011жылдың 1 шілдесіне
|
2011 жылдың қаңтар – маусымындағы,
өнім шығару,
млн. теңге
|
|
Белсенді
субъектілер
саны, бірлік
|
Жұмыспен
қамтылғандар
саны, адам
|
|
Барлығы:
|
25 409
|
108 573
|
110 125
|
|
шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары
|
2 614
|
31 689
|
36 403
|
|
орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары
|
319
|
31 980
|
57 219
|
|
жеке
кəсіпкерлер
|
19 293
|
37 263
|
13 141
|
ДЕМОГРАФИЯ
2011 жылдың 1 маусымына Павлодар облысы халқының есепті саны 746,4 мың адамды құрады. Қала халқы – 512,2 мың адам (68,6%), ал ауыл халқы – 234,2 мың адам (31,4%).

Ағымдағы жылдың қаңтар – мамырында облыс бойынша 5070 туғандар саны тіркелді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1%-ға артық көрсеткіш.
Осы уақыт ішінде 3605 адам қайтыс болды (3,7%-ға артық). Бұрынғыдай, қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен қайтыс болғандардың үлес салмағы 2011 жылдың қаңтар – мамырында 50,5%-ды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 1465 адамды құрады, сонымен қатар, қалалық жерде 953 адам, ауылдық жерде 512 адам санының өсуі байқалды.
Неке органдарында тіркелген неке саны 2011 жылдың 5 айы ішінде 2,5%-ға азайды, ал ажырасу – 0,4%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 1792 неке және 1126 ажырасу тіркелді.
2011 жылдың 5 айы ішінде облыстан республика шегіне 867 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 775 адам және әлемнің басқа елдеріне 92 адам қоныс аударды (2010 жылдың қаңтар – мамырында 774 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 677 және әлемнің басқа елдеріне 97 адам).
2011 жылдың қаңтар – мамырында облысқа шет елдерден 635 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 360 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 275 адамды құрады
2011 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ (БАСПАСӨЗ ШЫҒАРЫЛЫМ)
Павлодар облысы Статистика департаментімен 2011 жылдың қаңтар –қыркүйегіндегі облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жасалды.
Жалпы өңірлік өнім
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс қызметі және инвестициялар
Көлік және байланыс
Тұтыну нарығы
Статистикалық бизнес тіркелім
Баға
Еңбек нарығы және еңбекакы
Шағын және орта кәсіпкерлік
Демография
ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ
2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы Павлодар облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 574,1 миллиард теңгені құрады және 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы есептеуде 15,9%-ға ұлғайды. Облыстың республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы 5,2%-ды құрады.
Жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көлемі «өнеркәсіп» саласына келеді – 296,4 млрд.теңге (51,7%).
Облыстағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ шамасы 769,4 мың теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 15,2%-ға (668 мың теңгеге) жоғары.
2011 жылдың 1 жартыжылдағындағы жалпы өңірлік өнімді өндіру
|
|
Жалпы өңірлік өнім, млн. теңге
|
Қорытындыға %-бен
|
Республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы, %
|
|
Павлодар облысы
|
574 064,6
|
100,0
|
5,2
|
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
|
11 309,1
|
2,0
|
4,5
|
|
Өнеркәсіп
|
296 396,6
|
51,7
|
7,4
|
|
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
|
21 063,5
|
3,7
|
0,9
|
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
208 672,3
|
36,4
|
15,3
|
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау
|
55 903,8
|
9,7
|
26,1
|
|
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
|
10 757,0
|
1,9
|
29,8
|
|
Құрылыс
|
16 755,2
|
2,9
|
2,9
|
|
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу
|
55 618,9
|
9,7
|
4,0
|
|
Көлік және қоймалау
|
40 623,4
|
7,1
|
5,7
|
|
Ақпарат және байланыс
|
4 966,5
|
0,9
|
1,6
|
|
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар
|
36 866,3
|
6,4
|
4,0
|
|
Өзге қызметтер
|
70 888,1
|
12,3
|
3,2
|
|
Қаржы делдалдығының жанама өл-шемді қызметтері (-)
|
6 073,6
|
1,1
|
2,3
|
|
Өнімдер мен импортқа салынған таза салықтар
|
46 714,1
|
8,1
|
5,2
|
ӨНЕРКӘСІП
2011 жылдың қаңтар – қыркүйегінде Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 717,5 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,2%-ға жетті. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлеміндегі үлесі 6,2%-ға тең.
Өнеркәсіп өндірісінің 9%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 9,7%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 3,2%-ға және лигниттің 21,8%-ға ұлғаюына байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 66,2%-ы келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 100,3%-ды құрады. Ең үлкен өсу шегі химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісінде байқалды – 34,4%, мұнай өңдеу өнімдерінің өндіріс көлемі 13,6%-ға төмендеді.
Өнеркәсіп өндірісінің 22,3%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 104,5%-ға тең. Электр энергияны өндіру 5,4%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2,4%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 129,4%-ды құрады.
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қаласының үлесіне 333,7 млрд. теңге, немесе 46,5%-дан келеді, Ақсу қ. үлесіне – 223,9 млрд. теңгеден (31,2%) және Екібастұз қ. үлесіне 141,6 млрд. теңгеден (19,7%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 100,7%-ды, Ақсу қ. – 99,9%-ды және Екібастұз қ. бойынша 108,5%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі индексі
өткен жылдың сәйкес кезеңіне пайызбен

Өндіріс көлемінің 94,5%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 82,7%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға келеді; 17,1%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыстағы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар – қыркүйек айларында 59,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,8%-ға артық.
2011 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша облыста ешкі мен шошқадан басқа барлық мал түрінің саны ұлғайды.
Облыс бойынша ірі қара мал саны 0,2%-ға, қой – 2,4%-ға, жылқы – 4,3%-ға, құс – 0,9%-ға көбейді, шошқа саны 22,2%-ға, ешкі 3,6%-ға азайды. Баянауыл ауданында ірі қара мал басының ең жоғары саны тіркелді, яғни қой мен ешкі, жылқы саны сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 16%, 25%, 17%-ды құрады. Шошқа және құстың едәуір саны Шарбақты ауданында – сәйкесінше 22% және 28% тіркелді.
2011 жылдың 1 қазанына облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 147 мың бас (2010 жылға 99,4%), торай – 91,8 мың бас (76%), қозы – 242,5 мың (108%), лақ – 32,7 мың (105%), құлын саны – 29,5 мың бас (104%). 100 төлдейтін малға есептегенде қозы және лақ түсімі өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда сәйкесінше 100% және 101,1%-ды құрады.
2011 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша облыста өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 1780-ге қарсы 622 ірі қара мал басы, 8196-ке қарсы 5705 шошқа, 4488-ке қарсы 342 қой мен ешкі және 401-ға қарсы 100 жылқы басының өлгені тіркелді.
Ағымдағы жылдың 9 айы ішінде тірідей салмақта 49 мың тонна мал мен құс еті (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 99,7%), 286,2 мың тонна сүт (100%) және 150 млн. дана тауық жұмыртқасы (104,3%) өндірілді.
Мал шаруашылығы өнімінің негізгі өндірушілері халық шаруашылықтары болып табылады, олармен облыстағы 70% ет, 83% сүт, 33% жұмыртқа өндірілді.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 5,9%-ға, үй шаруашылықтарында – 1,2-ға ұлғайды, шаруа қожалықтарында – 1,8%-ға, азайды.
2011 жылдың қаңтар – қыркүйегінде облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы өткен жылмен салыстырғанда 2029-ке қарсы 2017 кг, бір мекиен – тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 153-ге қарсы 155 жұмыртқаны құрады.
2011 жылдың 1 қазанына мал шаруашылығының көрсеткіштері
|
|
2011ж.
қаңтар – қыркүйегі
|
2010ж.
тиісті кезеңіне, пайызбен
|
|
Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының негізгі түрлерінің саны
|
|
|
|
Ірі қара мал., мың бас
|
418,1
|
100,2
|
|
Қой, мың бас
|
535,6
|
102,4
|
|
Ешкі, мың бас
|
78,3
|
96,4
|
|
Шошқа, мың бас
|
85,5
|
77,8
|
|
Жылқы, мың бас
|
100,3
|
104,3
|
|
Құс, мың бас
|
1 414,8
|
100,9
|
|
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
|
|
|
|
Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені, мың тонна
|
49,3
|
99,7
|
|
Сауылған сиыр сүті, мың тонна
|
286,2
|
100,0
|
|
Алынған тауық жұмыртқалары, млн. дана
|
149,7
|
104,3
|
|
жүн, тонна
|
923,7
|
100,4
|
|
Мал мен құстың өнімділігі
|
|
|
|
Бір сиырдан сауылған орташа сүт сауылымы, кг
|
2 017
|
99,4
|
|
Бір мекиен тауықтың орташа жұмыртқалағыштығы, дана
|
155
|
101,3
|
ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2011 жылдың қаңтар – қыркүйегінде облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 130,5 млрд. теңгені, немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 104%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 4%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 67,1%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 18%-дан келді, сәйкесінше бюджет қаражаты 9,9%-ды және шетел инвестициялары 5%-ды құрады
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 35,8%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 55,7%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 8,5%-ды құрады.
Инвестициялау үшін өңдеу өнеркәсібі (облыстық көлемнен 38,7%), электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (25,4%) басым болды.
Ағымдағы жылдың тоғыз айдың қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 41 млрд. теңгені, немесе 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 124,5%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 98%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 2%-дан келеді.
251 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 151-і тұрғын үй және 100-і тұрғын емес үйлер.
2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 5,2%-ға төмендеді және 38629 шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (45,3%).
Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру
жалпы алаңы мың шаршы метр

КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
2011 жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 62,4 млн. тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың қаңтар – қыркүйегіне қарағанда 16,1%-ға артық көрсеткіш. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 8,6%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 34,9%-ға ұлғайды.
Көліктің жүк айналымы, млн. т/км
.jpg)
Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 32,3%-ға ұлғайды және 13 млрд. жолаушы – километрді құрады.
2011 жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 311,6 млн. теңгені және нақты көлем индексі 119,9%-ды құрады.
Облыстың электр байланыс кәсіпорындарымен ағымдағы жылдың 9 айы ішінде 7 млрд. теңге сомасында қызмет көрсетілді. Нақты көлем индексі 112,7%-ға тең. Халыққа көрсетілген электр байланыс қызметінің өткізу үлесі 65,1%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі – 26,6%-дан және жергілікті телефон байланысы – 24,3%-дан алады.
2011 жылдың 1 қазанына байланыс қызметтерінің көрсеткіштері
|
|
Үлес салмақ
|
2011ж. қаңтар – қыркүйегі млн. теңге
|
2011ж. қаңтар – қыркүйегі 2010ж. қаңтар – қыркүйегіне
|
|
Байланыс қызметінен түскен табыс, барлығы
|
100,0
|
7 006,9
|
112,7
|
|
Мобильдік байланыс
|
0,2
|
12,0
|
89,1
|
|
Қалааралық телефон байланысы
|
18,9
|
1 465,1
|
109,3
|
|
Өзге байланыс қызметі
|
18,4
|
1 253,8
|
111,5
|
|
Ғаламтор
|
26,6
|
1 787,5
|
138,3
|
|
Жергілікті телефон байланысы
|
24,3
|
1 721,5
|
102,8
|
|
Деректерді табыстау
|
2,0
|
123,4
|
110,0
|
|
Сымсыз желілер және спутник,
кабельді инфракұрылым арқылы
бағдарламаларды тарату қызметтері
|
9,6
|
643,6
|
116,7
|
|
Халыққа көрсетілетін электр байланысы қызметінен түскен табыс
|
65,1
|
4 597,8
|
109,1
|
ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ
2011 жылдың қаңтар – қыркүйегіндегі бөлшек сауданың көлемі 103,4 млрд. теңгеге жетті және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға ұлғайды.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек сауданың үлесі 36,2%-ды құрады. Нақты көлем индексі – 97,5%-ды құрады.
Бөлшек сауданың құрылымы, %
.jpg)
Облыстың көтерме нарығындағы өткен кезең ішіндегі сату көлемі 292,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 87,7%-ға артық көрсеткіш.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 3,8 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. Нақты көлем индексі 131,9%-ды құрады.
СТАТИСТИКАЛЫҚ БИЗНЕС ТІРКЕЛІМ
2011 жылдың 1 қазанына жағдай бойынша Павлодар облысының Статистикалық бизнес тіркелімінде 12 мыңнан астам заңды тұлғалар тіркелді.
Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 60%-ды, немесе 7276 бірлікті құрады. Жұмыс істейтіндер ішінде 67,8%-ын белсенділер (4936 бірлік), 24,4%-ын – уақытша қызметін тоқтатқандар (1774), 7,8%-ын ¬– жаңадан тіркелгендер (566) құрады.
1 қазандағы белсенділігі бойынша тіркелген заңды тұлғалар
.jpg)
2011 жылдың 1 қазанына белсенді кәсіпорындар үлес салмағы 2010 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 6,3 пайыздық тармаққа ұлғайды.
Мөлшері бойынша едәуір үлес салмақты (93,7%) шағын кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін), 5,5%-ды – орта кәсіпорындар (51 – 250 адамға дейін), 0,8%-ды – ірі кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 250 адамнан аса) алады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындардың көбі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 32,4%-ы (3925 бірлік) мамандандырылған, ал кәсіпорындардың ең аз саны тұру бойынша қызметтерге – 0,9%-ы (102 бірлік) келеді.
Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан 10%-ы (1215 бірлік) өнеркәсіп кәсіпорындарына келеді, олардың ішінде едәуір саны өңдеу өнеркәсібіне – 86,3% (1048), ал ең аз саны электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласына 3,7%-ы (45) келеді.
Меншік нысаны бөлігінде жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар 86%-ды, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар – 12,2%-ды және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар – 1,8%-ды құрады
Ұйымдастырушылық – құқықтық нысаны бойынша едәуір үлесті шаруашылық серіктестіктер (75,2%) алады.
Аумақтық бөлігінде заңды тұлғалардан едәуір үлес салмағы Павлодар (67,2%), Екібастұз (17,4%), Ақсу (2,6%) қалаларына және Баянауыл ауданына келеді (1,8%).
БАҒА
2011 жылдың қыркүйек айында тұтыну бағасының индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) 2010 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 106,1%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 8,2%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы 3,4%-ға және ақылы қызметтер 6,2%-ға өсті.
Облыстың тұтыну нарығында 2011 жылдың 9 айы ішінде жұмыртқаның бағасы 4%-ға, шикі сүт 1,9%-ға және ас тұзының бағасы 1,4%-ға төмендеді. Жаңа піскен көкөністердің бағасы 16,8%-ға, күріш 2,5%-ға арзандады.
Ұн және басқа да жарма топтары бойынша бағаның 47,1%-ға өсуі байқалды: ұн – 31,9%-ға, қарақұмық жармасы – 110,4%-ға; сүт өнімдерінің топтары бойынша 8,4%-ға: қаймақ – 3,4%-ға, айран – 15%-ға, пастерленген сүт – 13,3-ға, сүзбе 14,8%-ға өсті.
2011 жылдың 9 айы ішінде ет және құс еті бағасының 16,3%-ға, қант – 5,5%-ға, күнбағыс майы – 5,8%-ға, шай – 7,6%-ға, темекі өнімдері – 7,1%-ға, алкогольді сусындар бағасының 1,5%-ға өсуі байқалды.
Ақылы қызметтер бағасы 6,2%-ға қымбаттады. Көлік қызметінің төлемақысы 11,1%-ға, соның ішінде трамвай және автобус бағасы 14,3%-ға және пойыздың бағасы 15,7%-ға қымбаттады. Байланыс қызметінің тарифтері 9,6%-ға, шаштараз және жеке қызмет көрсету мекемелерінің кызметі – 7,6%-ға, тұрғын үй-коммуналдық қызметтері – 4%-ға, білім беру қызметі 11,7%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында бензин бағасының 17,8%-ға, сұйытылған газ 11,5%-ға, жуғыш және тазалайтын заттар 3,2%-ға, киім-кешек және аяқ-киім бағасының 1,7%-ға едәуір өсуі тіркелді.
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға және тарифтердің өзгеруі
алдыңғы айға, %-бен
өсу+, кему-
.jpg)
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегіндегі өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі 107,7%-ды құрады. Өндірілген өнімнің бағасы 7,4%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтер бағасы 10,9%-ға өсті.
Кен өндіру өнеркәсібіндегі баға 18,3%-ға, өңдеу өнеркәсібінде – 1,8%-ға, электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптауда – 16,9%-ға, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 13%-ға өсті.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 8,9%-ға, мал шаруашылығы өнімінің бағасы 12,3%-ға, өсімдік шаруашылығы өнімінің бағасы 0,5%-ға өсті.
Қыркүйек айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормалары негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 15731 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (16844 теңге) 6,6%-ға төмен.
2010-2011жж. күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы
теңге %
.jpg)
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ
2011 жылдың қаңтар–тамызында облыстың жалпы кәсіпорындар тобы бойынша (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардардың қызметкерлерін есептемегенде) облыс кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлер саны 201,1 мың адамға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2,9%-ға артық.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 71158 теңгені, оның өсуі 2010 жылдың қаңтар–тамызымен салыстырғанда 13,6%-ды құрады. Нақты жалақы 5,3%-ға артты.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер еңбек ақысының едәуір жоғарылауы сауда кәсіпорындарда; тұру және тамақтану бойынша қызметтер; өнер, ойын – сауық және демалыс сәйкесінше 30,2%; 29,4%; 21,8%-ға байқалды.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 81068 теңге, Екібастұз қ.ә. – 74722 теңге және Павлодар қ.ә. – 74286 теңге болып тіркелді.
2011 жылдың қаңтар–қыркүйегінде жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша) жұмыс іздеп жүрген 15211 адам өтінді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 7236 адамға аз, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар – 5825 адам. 7799 адам, немесе өтінгендер санының 51,3%-ы, соның ішінде ауыл тұрғындарының 3520-і жұмысқа орналастырылды.
2011 жылдың 1 қазанына жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарға ұйымдар тарапынан берілген жұмыскерлерге деген қажеттілік 1622 адамды құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 283 адамға артық.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2011 жылдың 1 қазанына 5877 адамды құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 3437 адамға артық.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 1,3%-ды құрады.
Облыс аумақтары бойынша орташа айлық жалақы
теңге
.jpg)
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
2011 жылдың 1 қазанына нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2010 жылдың сәйкес датасымен салыстырғанда 9,9%-ға ұлғайды және 26,3 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,8 мың – заңды тұлға, 20,4 мың – жеке кәсіпкер, 3 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 7,3%-ға азайды және 114,3 мың адамға жетті. 2011 жылдың қаңтар–қыркүйегінде шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару 2010 жылдың қаңтар– қыркүйегімен салыстырғанда (тұрақты бағада) 2,1%-ға ұлғайды және 211 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 3,6%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 172,8 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 20 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 18,1 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері
|
|
2011жылдың 1 қазанына
|
2011 жылдың қаңтар–қыркүйегіндегі, өнім шығару, млн. теңге
|
|
белсенді субъектілер саны, бірлік
|
жұмыспен қамтылғандар саны, адам
|
|
Барлығы:
|
26 254
|
114 336
|
210 984
|
|
шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары
|
2 488
|
33 949
|
65 002
|
|
орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары
|
328
|
34 480
|
107 842
|
|
жеке
кəсіпкерлер
|
20 445
|
38 612
|
20 015
|
ДЕМОГРАФИЯ
2011 жылдың 1 қыркүйегіне Павлодар облысы халқының есепті саны 746 489
.jpg)
адамды құрады. Қала халқы – 512 851 адам (68,7%), ал ауыл халқы – 233 638 адам (31,3%).
Ағымдағы жылдың қаңтар – тамызында облыс бойынша 8371 туғандар саны тіркелді, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 0,8%-ға артық көрсеткіш.
Осы уақыт ішінде 5604 адам қайтыс болды (2%-ға артық). Бұрынғыдай, қанайналым жүйесі аурулары салдарынан өлім-жітім саны көбейді. Осы себептен қайтыс болғандардың үлес салмағы 2011 жылдың қаңтар – тамызында 44,8%-ды құрады.
Халықтың табиғи өсімі 2767 адамды құрады, сонымен қатар, қалалық жерде 1819 адам, ауылдық жерде 948 адам санының өсуі байқалды.
Неке органдарында тіркелген неке саны 2011 жылдың 8 айы ішінде 0,2%-ға азайды, ал ажырасу – 3,4%-ға ұлғайды. Көрсетілген кезеңде барлығы 3992 неке және 1919 ажырасу тіркелді.
2011 жылдың 8 айы ішінде облыстан республика шегіне 1871 адам көшіп кетті, соның ішінде ТМД елдеріне 1737 адам және әлемнің басқа елдеріне 134 адам қоныс аударды (2010 жылдың қаңтар – тамызында 1302 адам, соның ішінде ТМД елдеріне 1184 және әлемнің басқа елдеріне 118 адам).
2011 жылдың қаңтар – тамызында облысқа шет елдерден 914 адам көшіп келді, соның ішінде ТМД елдерінен көшіп келгендердің саны 543 адамды, ал әлемнің басқа елдерінен көшіп келгендердің саны 371 адамды құрады
2011 ЖЫЛДЫҢ 12 АЙЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Павлодар облысы Статистика департаментімен 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жедел қорытындылары жасалды.
Жалпы өңірлік өнім
Демография
Еңбек нарығы және еңбекакы
Баға
Тұтыну нарығы
Өнеркәсіп
Ауыл шаруашылығы
Құрылыс қызметі және инвестициялар
Көлік және байланыс
Шағын және орта кәсіпкерлік
Статистикалық бизнес тіркелім
ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ
2011 жылдың 9 айындағы Павлодар облысында өндірілген жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемі 945,5 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты есептеуде 7,2%-ға ұлғайды. Облыстың республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы 5,2%-ды құрады.
Жалпы өңірлік өнімдегі ең жоғары көлем «өнеркәсіп» саласына келеді – 463,6 млрд. тенге (49%).
Облыстағы халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ шамасы 1,3 млн. теңгені құрады, бұл республика бойынша орташа деңгейден 15,6%-ға (1,1 млн. теңгеге) жоғары.
2011 жылдың 9 айындағы жалпы өңірлік өнімді өндіру
|
|
Жалпы өңірлік өнім, млн. теңге
|
Қорытындыға
%-бен
|
Республикадағы ЖӨӨ үлес салмағы, %
|
|
Павлодар облысы
|
945 452,7
|
100,0
|
5,2
|
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
|
31 745,1
|
3,4
|
4,2
|
|
Өнеркәсіп
|
463 597,8
|
49,0
|
7,4
|
|
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу
|
27 496,6
|
2,9
|
0,8
|
|
Өңдеу өнеркәсібі
|
342 353,0
|
36,2
|
14,7
|
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптау
|
77 668,9
|
8,2
|
24,5
|
|
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
|
16 079,3
|
1,7
|
26,8
|
|
Құрылыс
|
34 193,1
|
3,6
|
3,2
|
|
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу
|
94 625,5
|
10,0
|
3,8
|
|
Көлік және қоймалау
|
82 134,7
|
8,7
|
6,4
|
|
Ақпарат және байланыс
|
7 599,8
|
0,8
|
1,6
|
|
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар
|
49 749,3
|
5,3
|
3,7
|
|
Өзге қызметтер
|
118 652,9
|
12,5
|
3,4
|
|
Қаржы делдалдығының жанама өл-шемді қызметтері (-)
|
9 379,0
|
1,0
|
2,3
|
|
Өнімдер мен импортқа салынған таза салықтар
|
72 533,5
|
7,7
|
5,1
|
ДЕМОГРАФИЯ
2011 жылдың 1 желтоқсанына Павлодар облысы халқының есепті саны 746790 адамды құрады. Қала халқы – 513923 адам (68,8%), ал ауыл халқы – 232867 адам (31,2%).
.jpg)
БАҒА
2011 жылы тұтыну бағасының индексі (инфляция деңгейінің негізгі көрсеткіші) 107,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,4%-ға, азық-түлік емес тауарларының бағасы – 4,8%-ға және ақылы қызметтер 7,3%-ға өсті.
Облыстың тұтыну нарығында ұнтақ жармасы – 4,2%-ға, күріш – 2,5%-ға, қант – 13,6%-ға, жемістер мен көкөністер – 12,9%-ға бағалары төмендеді, осы топтағы бағаның едәуір төмендеуі қырыққабатқа (27,8%-ға), бас пиязға (25,4%-ға), қиярға (24,5%-ға), қызанаққа (17,6%-ға) байқалды.
Ұн және басқа да жарма топтары бойынша бағаның 24,8%-ға өсуі байқалды: ұн – 8,7%-ға, қарақұмық жармасы – 82,9%-ға; сүт өнімдерінің топтары бойынша 13,4%-ға: пастерленген сүт – 20,5%-ға, қаймақ – 7%-ға, айран – 18,3%-ға өсті.
2011 жылы жұмыртқаның бағасы 6,4%-ға, шай – 7,6%-ға, балық және теңіз өнімдері – 4,6%-ға, ет және ет өнімдері – 23,5%-ға, күнбағыс майы 10,7%-ға бағасы қымбаттады.
Ақылы қызметтер 7,3%-ға қымбаттады. Көлік қызметінің төлемақысы 10,6%-ға, соның ішінде пойыздың бағасы 9%-ға, трамвай және автобус бағасы 14,3%-дан қымбаттады. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтері – 4,3%-ға, білім беру қызметі – 21,1%-ға, демалыс және спортттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 8,9%-ға, қонақ үйлерде орналастыру 6,2%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар нарығында дизельді отын – 25,6%-ға, бензин – 19,3%-ға, кеңсе тауарлары – 2%-ға, киім-кешек және аяқ-киім – 3,3%-ға, тұрмыс құралдары – 1,2%-ға, баспа басылымдар – 4,9%-ға, жуғыш және тазалайтын заттар 4,9%-ға бағасының едәуір өсуі тіркелді.
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне баға және тарифтердің өзгеруі
алдыңғы айға, %-бен
өсу+, кему-
.jpg)
Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасының индексі 106,3%-ды құрады. Өндірілген өнімнің бағасы 6%-ға, өндірістік сипаттағы қызметтер бағасы 10,9%-ға өсті.
Кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді қазудағы баға 17,6%-ға өсті, өңдеу өнеркәсібінде – 0,3%-ға, электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптауда – 17,1%-ға, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 13,2%-ға төмендеді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерімен өткізілген өнімнің бағасы 2,9%-ға, мал шаруашылығы өнімінің бағасы – 14,1%-ға өсті, ал өсімдік шаруашылығы өнімі бағасының 24,5%-ға төмендеуі байқалды.
Желтоқсан айында негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормалары негізінде есептелген халықтың орташа жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы 14108 теңгені құрады, бұл орташа республикалықтан (15619 теңге) 9,7%-ға төмен.
2010-2011жж. күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы
.jpg)
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Облыстағы ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы көлемі 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 89,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың көрсеткішінен 8,8%-ға артық.
2012 жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша облыста ешкі мен жылқыдан басқа барлық мал басының саны азайды.
Жылқы саны 3,2%-ға, ешкі – 6,2%-ға өсті, ірі қара мал – 0,4%-ға, шошқа – 19,7%-ға, құс – 26,2%-ға азайды. Баянауыл ауданында ірі қара мал, қой мен ешкі, жылқы саны басының ең жоғары саны тіркелді, сәйкесінше облыстық көрсеткіштен 17%, 25%, 17%-ды құрады. Шошқаның едәуір саны Павлодар қ.ә – 22%-ы, құс Шарбақты ауданында – 36%-ы тіркелді.
Облыс бойынша алынған бұзау төлдері – 148 мың бас (2010 жылға 99,4%), торай – 118,8 мың (78%), қозы – 243,4 мың (108%), лақ – 32,7 мың (105%), құлын – 29,6 мың бас (104%). 100 төлдейтін малға есептегенде қозы және лақ түсімі 2010 жылдың деңгейімен салыстырғанда 102,2%-ды құрады.
Облыста 2010 жылғы 1933-ке қарсы 735 ірі қара мал басы, 12762-ге қарсы 5873 шошқа, 4607-ге қарсы 404 қой мен ешкі және 430-ға қарсы 148 жылқы басының өлгені тіркелді.
Тірідей салмақта 75 мың тонна мал мен құс еті (2010 жылға 100,1%), 347,9 мың тонна сүт (100,2%) және 181 млн. дана тауық жұмыртқасы (97,5%) өндірілді.
Мал шаруашылығы өнімінің негізгі өндірушілері халық шаруашылықтары болып табылады, олармен облыстағы 71% ет, 83% сүт, 32% жұмыртқа өндірілді.
Шаруа қожалықтарында ет, сүт өндіру ұлғайды, ауыл шаруашылық кәсіпорындарында азайды. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарында жұмыртқа өндіру 3,6%-ға, үй шаруашылықтарында – 0,3%-ға азайды, шаруа қожалықтарында 2010 жылғы деңгейде қалды.
Облыс бойынша бір сиырдан алынған сүттің орташа сауылымы 2473-ке қарсы 2450 кг, бір мекиен-тауықтан алынған орташа жұмыртқа түсімі 198-ға қарсы 190 жұмыртқаны құрады.
2012 жылдың 1 қаңтарына мал шаруашылығының көрсеткіштері
|
|
2011ж.
қаңтар-желтоқсаны
|
2010ж.
тиісті кезеңіне, пайызбен
|
|
Ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының негізгі түрлерінің саны
|
|
|
|
Ірі қара мал., мың бас
|
372,2
|
99,6
|
|
Қой, мың бас
|
463,6
|
99,6
|
|
Ешкі, мың бас
|
73,9
|
106,2
|
|
Шошқа, мың бас
|
75,5
|
80,3
|
|
Жылқы, мың бас
|
90,8
|
103,2
|
|
Құс, мың бас
|
829,6
|
73,8
|
|
Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру
|
|
|
|
Мал мен құстың барлық түрлерінің тірідей салмақта союға өткізілгені, мың тонна
|
75,0
|
100,1
|
|
Сауылған сиыр сүті, мың тонна
|
347,9
|
100,2
|
|
Алынған тауық жұмыртқалары, млн. дана
|
181,3
|
97,5
|
|
жүн, тонна
|
923,7
|
100,3
|
|
Мал мен құстың өнімділігі
|
|
|
|
Бір сиырдан сауылған орташа сүт сауылымы, кг
|
2 450
|
99,1
|
|
Бір мекиен тауықтың орташа жұмыртқалағыштығы, дана
|
190
|
96,0
|
ҚҰРЫЛЫС ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс бойынша үстеме бағалау есебімен негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 206,4 млрд. теңгені, немесе 2010 жылға қарағанда 104,5%-ды құрады. Республиканың инвестиция көлеміндегі облыс үлесі 4,1%-ды құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көзі бойынша 66,4%-ды кәсіпорындар мен ұйымдардың және халықтың өз қаражаты құрады, қарыз қаражаты үлесіне 17,7%-дан келді, бюджет қаражаты және шетел инвестициялары сәйкесінше 11,2%-ды, 4,7%-ды құрады.
Инвестицияның технологиялық құрылымында ғимараттар мен үймереттердің құрылысы және күрделі жөндеуі бойынша жұмыстар 38,8%-ды, машиналар, жабдықтар, құрал-сайман, мүкәммал – 52,9%-ды, өзге күрделі жұмыстар мен шығындар 8,3%-ды құрады.
Инвестициялау үшін өңдеу өнеркәсібі (облыстық көлемнен 34,7%), электрмен жабдықтау, газ бу беру және ауаны баптау (28,8%) басым болды.
2011 жылдың қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстарының (қызмет) көлемі 64,4 млрд. теңгені, немесе 2010 жылға қарағанда 106,9%-ды құрады. Жеке меншік құрылыс ұйымдарымен жалпы жұмыс көлемінің 97,3%-ы орындалды, шетел мердігерлерінің үлесіне 2%-дан келеді.
459 жаңа ғимараттардың құрылысы аяқталды, оның 325-і тұрғын үй және 134-і тұрғын емес үйлер.
2010 жылмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы 8,8%-ға төмендеді және 75,1 мың шаршы метрді құрады. Облыста пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттары жалпы алаңының ең жоғарғы үлесі Павлодар қаласына келеді (33%).
Тұрғын ғимараттарды пайдалануға беру
жалпы алаңы мың шаршы метр
.jpg)
ӨНЕРКӘСІП
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында Павлодар облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 987,2 млрд. теңге сомасында өнім (жұмыс, қызмет) өндірілді. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индексі 102%-ға жетті. Облыста өндірілетін өнеркәсіп өнімінің жалпы республикалық көлеміндегі үлесі 6,3%-ға тең.
Өнеркәсіп өндірісінің 9,1%-ын құрайтын кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемінің 7,6%-ға ұлғаюы байқалды. Бұл тас көмір өндіру көлемінің 2,2%-ға және лигниттің 10,2%-ға ұлғаюына байланысты.
Өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 65,6%-ы келеді. Өнеркәсіптің осы секторындағы нақты көлем индексі 100,9%-ды құрады. Ең үлкен өсу шегі химиялық өнеркәсіп өнімдерінің өндірісінде байқалды – 139%, мұнай өңдеу өнімдерінің өндіріс көлемі 6,4%-ға төмендеді.
Өнеркәсіп өндірісінің 22,9%-ын құрайтын электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда нақты көлем индексі 107%-ға тең. Электр энергияны өндіру 6,4%-ға ұлғайды.
Өнеркәсіп өндірісінің 2,4%-ын құрайтын сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда нақты көлем индексі 121,4%-ды құрады.
Өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі индексі
өткен жылдың сәйкес кезеңіне пайызбен
.jpg)
Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінен Павлодар қаласының үлесіне 474,5 млрд. теңге, немесе 48,1%-дан келеді, Ақсу қ. үлесіне – 292,1 млрд. теңгеден (29,6%) және Екібастұз қ. үлесіне 195,8 млрд. теңгеден (19,8%) келеді. Өнімнің нақты көлем индексі Павлодар қ. – 102,7%-ды, Ақсу қ. – 98,9%-ды және Екібастұз қ. бойынша 107,4%-ды құрады.
Өндіріс көлемінің 94%-ын жұмыс істейтіндердің саны 50-ден асатын кәсіпорындар жүзеге асырады. Осы топтағы кәсіпорындардың мемлекеттік меншік нысанындағы кәсіпорындар өнімінің үлес салмағы тек 0,2%-ды құрайды; өнімнің 73,7%-ы мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері меншігіндегі кәсіпорындарға келеді; 26,1%-ын басқа мемлекеттер, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар өнімі алады.
КӨЛІК ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы облыс көлігімен (темір жол және әуе көлігін есептемегенде) жүк тасымалдау көлемі 97,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 23,6%-ға артық көрсеткіш. Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау 21,3%-ға, ал магистральды құбыр бойынша 30,9%-ға ұлғайды.
Облыс көлігінің жолаушылар айналымы 33,3%-ға ұлғайды және 18,6 млрд. жолаушы-километрді құрады.
Пошталық және курьерлік байланыс қызметінің көлемі 420,2 млн. теңгені және нақты көлем индексі 120,4%-ды құрады.
Байланыс қызметі 9,4 млрд. теңге сомасында көрсетілді. Нақты көлем индексі 110,8%-ға тең. Халыққа көрсетілген байланыс қызметінің өткізу үлесі 66%-ды құрады. Байланыс қызметінен түскен табыс құрылымында ең жоғары үлес салмақты Интернет желісі қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі – 26,2%-дан және жергілікті телефон байланысы – 24,5%-дан алады.
2011 жылдың 1 желтоқсанына байланыс қызметтерінің көрсеткіштері
|
|
Үлес салмақ
|
2011ж. қаңтар- желтоқсаны млн. теңге
|
2011ж. қаңтар-желтоқсаны 2010ж. қаңтар-желтоқсанына
|
|
Байланыс қызметінен түскен табыс, барлығы
|
100,0
|
9 421,3
|
110,8
|
|
Мобильдік байланыс
|
0,2
|
16,0
|
87,6
|
|
Қалааралық телефон байланысы
|
20,5
|
1 935,3
|
108,9
|
|
Өзге байланыс қызметі
|
17,5
|
1 649,3
|
107,8
|
|
Ғаламтор
|
26,2
|
2 470,8
|
137,1
|
|
Жергілікті телефон байланысы
|
24,5
|
2 312,1
|
101,1
|
|
Деректерді табыстау
|
1,8
|
165,5
|
107,7
|
|
Сымсыз желілер және спутник,
кабельді инфракұрылым арқылы
бағдарламаларды тарату қызметтері
|
9,3
|
872,4
|
116,7
|
|
Жалпы табыстардан-халыққа байланыс қызметтерін көрсетуден
|
66,0
|
6 219,4
|
107,2
|
ТҰТЫНУ НАРЫҒЫ
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы бөлшек сауданың көлемі 147,7 млрд. теңгеге жетті және 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 14%-ға ұлғайды.
Сауда кәсіпорындарының жалпы көлеміндегі бөлшек сауданың үлесі 35,6%-ды құрады. Нақты көлем индексі 100,1%-ды құрады.
Бөлшек сауданың құрылымы, %
.jpg)
Облыстың көтерме нарығындағы сату көлемі 433 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 90,7%-ға артық көрсеткіш.
Қоғамдық тамақтандыру қызметінің көлемі 5,3 млрд. теңге деңгейінде қалыптасты. Нақты көлем индексі 124,8%-ды құрады.
ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ
2011 жылдың қаңтар-қарашасында облыстың кәсіпорындары бойынша (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындардардың қызметкерлерін есептемегенде) жалдамалы қызметкерлер саны 202,8 мың адамға жетті, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 3,8%-ға артық.
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 72763 теңгені, оның өсуі 2010 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда 15,6%-ды құрады. Нақты жалақы 7,2%-ға артты.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалдамалы қызметкерлер еңбек ақысының едәуір жоғарылауы тұру және тамақтану бойынша қызметтер; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, сауда кәсіпорындарда сәйкесінше 25,7%; 24,9%, 24,6%-ға байқалды.
Аумақтық бөлікте ең жоғарғы жалақы Ақсу қ.ә. – 82954 теңге, Павлодар қ.ә. – 75897 теңге және Екібастұз қ.ә. – 75280 теңге болып тіркелді.
Облыс аумақтары бойынша орташа айлық жалақы
теңге
.jpg)
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында жұмысқа орналастыру мәселесі жөнінде уәкілетті органдарға (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының деректері бойынша) жұмыс іздеп жүрген 18140 адам өтінді, бұл 2010 жылға қарағанда 7898 адамға аз, оның ішінде ауылдық жерде тұратындар – 6839 адам. 9879 адам, немесе өтінгендер санының 54,5%-ы, соның ішінде ауыл тұрғындарының 4284-і жұмысқа орналастырылды.
2012 жылдың 1 қаңтарына жұмысқа орналастыру мәселесі жөніндегі уәкілетті органдарға ұйымдар тарапынан берілген жұмыскерлерге деген қажеттілік 770 адамды құрады, бұл 420 адамға артық.
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органдардың есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2012 жылдың 1 қаңтарына 1963 адамды құрады, бұл 2011 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 232 адамға аз.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4%-ды құрады.
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК
2012 жылдың 1 қаңтарына нарықта белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2011 жылдың сәйкес датасымен салыстырғанда 8,3%-ға ұлғайды және 27,1 мың бірлікті құрады. Оның ішінде 2,8 мың – заңды тұлға, 21,4 мың – жеке кәсіпкер, 2,9 мың – шаруа қожалығы. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 0,5%-ға азайды және 126 мың адамға жетті. 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерімен өнім (тауар және қызмет) шығару (тұрақты бағада) 2,4%-ға ұлғайды және 284,9 млрд. теңгені құрады. Республиканың өнім (тауар және қызмет) шығарудағы облыстың үлес салмағы 3,5%-ды құрады.
Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғаларымен 226,4 млрд. теңге, жеке кәсіпкерлермен – 28 млрд. теңге, шаруа қожалықтарымен 30,5 млрд. теңге сомасында өнім өндірілді.
Шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштері
|
|
2012 жылдың 1 қаңтарына
|
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы,
өнім шығару,
млн. теңге
|
|
белсенді
субъектілер
саны, бірлік
|
жұмыспен
қамтылғандар
саны, адам
|
|
Барлығы:
|
27 111
|
125 979
|
284 914
|
|
шағын кәсіпкерліктің заңды тұлғалары
|
2497
|
43 550
|
86 353
|
|
орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары
|
354
|
37 720
|
140 070
|
|
жеке кəсіпкерлер
|
21 379
|
37 824
|
28 006
|
|
шаруа (фермерлік) қожалықтар
|
2 881
|
6 885
|
30 485
|
СТАТИСТИКАЛЫҚ БИЗНЕС ТІРКЕЛІМ
2012 жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша Павлодар облысының Статистикалық бизнес тіркелімінде 12264 заңды тұлғалар тіркелді.
Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың саны 58,6%-ды, немесе 7185 бірлікті құрады. Жұмыс істейтіндер ішінде 68,7%-ын белсенділер (4934 бірлік), 23,4%-ын – уақытша қызметін тоқтатқандар (1683), 7,9%-ын – жаңадан тіркелгендер (568) құрады.
1 қаңтардағы белсенділігі бойынша тіркелген заңды тұлғалар
.jpg)
2012 жылдың 1 қаңтарына белсенді кәсіпорындар үлес салмағы 2010 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7,4 пайыздық тармаққа ұлғайды.
Мөлшері бойынша едәуір үлес салмақты (93,6%) шағын кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін), 5,5%-ды – орта кәсіпорындар (51 – 250 адамға дейін), 0,9%-ды – ірі кәсіпорындар (жұмыспен қамтылғандар саны 250 адамнан аса) алады.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша тіркелген кәсіпорындардың көбі көтерме және бөлшек сауда, автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында – 32,3%-ы (3958 бірлік) мамандандырылған, ал кәсіпорындардың ең аз саны тұру бойынша қызметтерге – 0,8%-ы (100 бірлік) келеді.
Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санынан 10,3%-ы (1262 бірлік) өнеркәсіп кәсіпорындарына келеді, олардың ішінде едәуір саны өңдеу өнеркәсібіне – 86,9% (1097), ал ең аз саны электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласына 3,5%-ы (44) келеді.
Меншік нысаны бөлігінде жеке меншік нысанындағы кәсіпорындар 85,8%-ды, мемлекет меншігіндегі кәсіпорындар – 12,2%-ды және басқа мемлекеттердің, олардың заңды тұлғалары мен азаматтарының меншігіндегі кәсіпорындар – 2%-ды құрады
Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны бойынша едәуір үлесті шаруашылық серіктестіктер (75,4%) алады.
Аумақтық бөлігінде заңды тұлғалардан едәуір үлес салмағы Павлодар (67,4%), Екібастұз (17,3%), Ақсу (2,9%) қалаларына және Баянауыл ауданына келеді (1,8%).
| |