|
2009 жылғы Қазақстан Республикасы халықтың Ұлттық санағының қорытындылары
2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 16009,6 мың адамды құрады.
Санақаралық кезең ішінде республика халқының саны 1028,3 мың адамға өсті, өткен 1999 жылғы санақпен салыстырғанда халық санының өсімі 6,9% құрады.
Қала халқының саны 8662,4 мың адамды, ауыл халқы – 7347,2 мың адамды құрады. Сонымен бірге, қала халқының саны 206,6 мың адамға немесе 2,4%-ға, ал ауыл халқы 821,7 мың адамға немесе 12,6%-ға өсті. Елдегі қала халқының үлесі 54,1%, ауыл халқы – 45,9% құрады, 1999 жылы олардың ара-қатынасы тиісінше 56,4% және 43,6% құраған еді. Ең шаһарланған өңірлер Қарағанды (мұнда 77,5%-дан астамы қала халқын құрайды), Павлодар (68%) және Ақтөбе (61%) облыстары болып табылады. Ауыл халқы негізінен Алматы (барлық халықтың 76,9%-ы), Солтүстік Қазақстан (60,2%), Қызылорда (58,1%) және Жамбыл (60,4%) облыстарында шоғырланған.
Ерлер саны 7712,2 мың адамды, әйелдер – 8297,4 мың адамды құрады. Өткен санақпен салыстырғанда ерлер саны 496,8 мың адамға немесе 6,9%-ға, ал әйелдер саны – 531,5 мың адамға немесе 6,8%-ға өсті. Ерлер мен әйелдер санының ара-қатынасы әйел халқы үлесінің ерлерден артуымен қалыптасты (тиісінше 51,8% және 48,2%). 1999 және 2009 жылдардағы халық санағы бойынша әрбір 1000 әйелге 929 ер адамнан келген.
Жекелеген этностардың өзгерісі санақаралық кезең ішінде келесі деректермен сипатталады:
Қазақтар саны өткен санақпен салыстырғанда 26,0%-ға өсті және 10096,8 мың адамды құрады. Өзбектер саны 23,3%-ға өсіп, 457,0 мың адамды, ұйғырлар – 6,8%-ға өсіп, 224,7 мың адамды құрады. Орыстар саны 15,3%-ға азайып, 3793,8 мың адамды құрады, немістер - 49,5%-ға азайып, 178,4 мың адамды, украиндар – 39,1%-ға азайып, 333,0 мың адамды, татарлар – 18,0%-ға азайып, 204,2 мың адамды, басқа этностар - 4,8%-ға азайып, 721,7 мың адамды құрады.
Ел халқының жалпы санындағы қазақтардың үлесі 63,1%-ды, орыстар – 23,7%-ды, өзбектер – 2,9%-ды, украиндар – 2,1%-ды, ұйғырлар – 1,4%-ды, татарлар – 1,3%-ды, немістер – 1,1%-ды және басқа этностар – 4,5%-ды құрады.
Халықтың жалпы санынан - 15850,7 мың адамды, Қазақстан Республикасының азаматтары (99,0 %) елдің барлық халқынан), басқа мемлекеттер азаматтары – 101,6 мың. (0,6 %) және 57,3 мың (0,4 %) азаматтығы жоқтар құрады.
Қазақстанда діни нанымын көрсеткендер халықтың жалпы санынан ислам - 11237,9 мың немесе 70,2%-ды, христиан 4190,1 мың (26,2%), иудаизм – 5,3 мың (0,0%), буддизм -14,6 мың (0,1%) және басқалар – 30,1 мың адамды (0,2%-ды) құрады. Дінге сенбейтіндер - 2,8% (450,5 мың адам) және көрсетуден бас тартқандар 0,5% (81,0 мың адам).
Республика халқының саны 2010 жылдың 1 қазанына 2009 жылғы санақты есепке алғанда жедел ақпараттар бойынша саны 16372 мың адамды құрады. Қазақтар саны 10458 мың адамды құрады, халықтың жалпы санынан үлесі - 63,9%.
"2009 жылғы халқының санағының қорытындылары" презентация
| |