Сайт картасы
Байланыс ақпарат

Павлодар Ертіс өңірі туралы негізгі мәліметтер


Ќазақстанның солтүстік-шығысы, сәулетті алқап және Ќазақстанның ірі өзені - Ертістің ағымы... Бұл - Павлодар облысы. Ол 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған. Облыс аумағы 124,8 мың шаршы км және Ќазақстан аумағының 4,6% құрайды. Біздің облыс аумағында орташа мөлшерлі батыс Европа мемлекеті орналаса алады.
Облыс әкімшілік-аумақтық құрылымына 3 қала, 5 кент, 10 ауыл аудандары, 167 село және ауыл округтері кіреді.
2011 жылдың басына жағдай бойынша барлық ұлттар (этнос және этностық топтар) арасында халықтың жалпы санындағы едәуір үлестік салмақты қазақтар – 48,4% және орыстар – 38,2% алды. Өзге этностар және этностық топтар үлесіне облыс халқының 13,4%-ы келеді.
 2011 жылдың 1 қаңтарына қазақтар саны 361,2 мың адамды, орыстар – 285,4, украиндер – 38,8, немістер – 21, татарлар – 14,1, белорустар – 5,2, өзге ұлттар – 20,5 мың адамды құрады.

 

Аумақ,
 мың шаршы км
Халық тығыздығы,
1 шаршы км. адам
Түгел халық,
  мың адам
соның ішінде:
қалалық ауылдық

Павлодар облысы

124,8 6,0 750,9 500,3 250,6

Павлодар қ.ә.

0,6 552,8 331,7 321,1 10,6

Ақсу қ.ә.

8,0 8,6 68,5 44,4 24,1

Экибастуз қ.ә.

18,9 7,7 145,0 134,8 10,2

аудандар:

         

Ақтоғай

9,8 1,7 16,6 - 16,6

Баянауыл

18,5 1,5 27,7 - 27,7

Железин

7,7 2,5 19,4 - 19,4

Ертіс

10,2 2,5 25,1 - 25,1

Ќашыр

6,8 3,4 23,2 - 23,2

Лебяжі

8,1 1,8 14,6 - 14,6

Май

18,1 0,7 11,9 - 11,9

Павлодар

5,8 5,1 29,4 - 29,4

Успен

5,5 2,6 14,5 - 14,5

Шарбақты

6,8 3,4 23,3 - 23,3

Павлодар Сарыарқасында барлығы бар: жазық дала, аққайын тоғайлары, қарағай орманы, таулар, сан-алуан өзен. Ежелгі Ертіс өзені облысымызды екіге бөледі. Өзен алқабы өте (бірегей) және берекелі.
Дала жазықтары обысымыздың көп жерін алып отыр. Ежелден қазақтар оны Сарыарқа деп атаған. Расындада, бұл жер өте бай.
Природные ресурсы ПрииртышьяОблыс Ќазақстан Республикасының минерал және шикізат жиынында бастаушы орындардың бірінде.
2012 жылдың 1 қаңтарына облысымызда 12264 заңды тұлға тіркелген, соның ішінде 93,6% шағын (жұмыспен қамтылған адам саны 50-ден кем) және 0,9% ірі (250 адамнаң астам). Кәсіпорындардың көбі жеке меншікті (85,8%).

Павлодар облысының климаты кенет-континентті, ұзақ қыспен (5,5 ай), ыстық және қысқа жазбен (3 ай) сипатталады. Ќаңтар айының орташа температурасы -17 -19С, шілде +20 +22С. Жылдық атмосфералық жауын-шашын мөлшері 220-300 мм.
Павлодар облысы аймағында 48,2 мың га жалпы аумақ көлемімен Баянауыл ұлттық табиғи паркі орналасқан. Баянауыл - кішкентай жерде ғажап гранит жартастары, құпиялы үңгірлер, балыққа бай тау өзендері, саңырауқұлаққа, жидекке толы емен тоғайлары, кристалдай таза бұлақтар жиналған орын. Тау беткейлері орманмен жабылған. Жануарлар әлемінің өкілдеріндей, ағаштар, бұталар және басқада өсімдіктер облыс аумағының осы жерінде ғана кездеседі. Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр баянауыл өзендері ертегідей сұлу. Өзен және оларды қоректендіру бұлақтарында су таза және мөлдір. Археологиялық ескерткіштер тізімінде жүзге жуық оба, көрқара, ежелгі жазбалар және сурет атаулары. Өз өлкесін баянауылдықтар жер жүзіндегі ерекше жер деп санайды. Осы жерден үлкен өмір жолына шығармашылық, дарынды, көрнекті ғалымдар шыққан. Солардың бірі бірінші академик және Ќазақстан ғылым академиясының президенті Сәтпаев Ќаныш Имантайұлы.
Біздің облыс орталығы – Павлодар қаласы ерекше, қайталанбас келбетті. Ол жинақы, кен және жарық. Мұнда үйлесімді, бір бірін толықтырып ескі мен жаңа тіл табысып келеді. Сонда да, бұл алюминий, мұнайхимия, трактор, машина жасайтын зауыттары, үш қуат орталығы, тамақ өнеркәсіп кәсіпорындары және басқалар, сондай-ақ ірі теміржол торабы, аэропорт, өзен порты және вокзалы бар үлкен индустрия орталығы. Павлодарда әр түрлі меншік нысанды барлығы 5 мыңға жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Кәсіпорындар 250 жуық өнім түрлерін шығарады: бензин, сұйық отын, мұнай битумдары, силикат кірпіші, кесілген ағаш бұйымдары, өңделмеген алюминий, құюлы болат, медициналық шприцтер, жиһаз және басқалар.
Памятник С.ТорайгыровуБіздің аймағымыздың бай тарихы және ежелгі мәдени әдет-ғұрпы бар. Қазіргі уақытта облысымызда 11 мұражай, 2 кәсіптік театр, 275 кітапхана, 3 демалыс саябағы және 254 клуб тектес мәдени мекемелер бар.
2011/2012 оқу жылының басына облысымызда 91,5 мың оқушы білім алатын 430 мектеп, сондай-ақ, 25 кәсіптік лицей мен 28 колледж (29,4 мың оқушы) тіркелді. Облысымыздың 4 жоғары оқу орындарында 21,2 мың студент білім алады.
Облыс халқына медициналық көмекті 226 емхана және 60 аурухана мекемелері көрсетеді, мұнда 3 мың барлық мамандар бойынша дәрігерлер және 7 мың орта медициналық қызметкерлер еңбек етуде.

Павлодарская мечетьОблысымызда Павлодардан кейін екінші үлкен қала - Екібастұз қаласы. Мұнда 120,3 мың адам тұрады. Ќалаға әлемдік атақты ашық тәсілмен өндірілетін көмірдің алып қоры әкелді. Екібастұзда екі миллиард тоннадан астам көмір табылды. Гиннес рекордтары кітабына енгізілген, мұндағы "Богатырь" разрезіне әлемде тең келетін жоқ. Осында жұмыс істейтін роторлық экскаваторлар сағатына бес мың тоннаға дейін жанармай табады. Екібастұз көмірі Ќазақстанның ғана емес, көрші Ресейдіңде түпкірлеріне де жіберіледі. Екібастұз теміржол түйіні - елімізде ең ірі.
Өндірілетін көмір бөлігі әр қайсысы 500 мегаватт күштілікті он энергоблок орналасқан ГРЭС-1 және ГРЭС-2 - екі күшті жылу электр стансаларының оттығында жандырылады. Екібастұз - әлеуметтік инфрақұрылымы, өзінің дәстүрлері дамыған қала. Ол қазіргі индустриалды Ќазақстанның келбетін белгілейтін қалалардың бірі.
Облысымыздың үшінші қаласы - Ақсу халық саны 38,9 мың адамды құрайды. Мұнда әлемге әйгілі ферроқортпа зауыты орналасқан. Бір кезде Амстердам қаласындағы Халықаралық сауда палатасы зауыттағы ферросилицийді әлемдегі ең жақсысы деп мойындаған. Бүгінде кәсіпорын барлық өз өнімінің ең көбісін экспортқа шығарады. Оның бәсекеге жоғары қабілеттілігін кәсіпорынның жаңарту және техникалық қайта жарақтануы бойынша мақсаттағы жұмыс қамтамасыз етеді. Осында жаңа өнім – қоспасыз болатты шығарудың жобасы әзірленуде. Ақсу ГРЭСі - Ќазақстанның жылу энергетикасының тұнғышы. Станса 25 жылдан астам бөгеліссіз жұмыс істеп келеді. Ақсу қаласы ауданында Ертіс-Ќарағанды каналы бас алады.
Өзінің географиялық дәрежесіне, энергетикалық қорына, пайдалы қазбалар және жоғары дәрежелі мамандардың бірталай қоры барына байланысты Павлодар облысы Ќазақстанның индустриялық және мәдени жоғары дамыған өңірлерінің бірі. Оның шаруашылық жүйесі мемлекет экономикасына елеулі салым кіргізеді, сонымен республика ішінде еңбек бөлуде маңызды орын алып отыр.





2 Ақпан
31 Қаңтар
30 Қаңтар

Мемлекеттік статистикасында инновациялар






Хабарландыру







140000, г.Павлодар, ул.Генерала Дюсенова, 9
Телефон: 8 (7182) 53 48 47
Факс: 53 25 95

Статистика департаменті

Баспасөз хатшысы

ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл
 




Әзірлеген және қолдаған
«Creatida» Интернет-компаниясы
© Статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында пайдаланған жағдайда Павлодар облысының Статистика департаментіне сілтеме жасауға міндетті