Сайт картасы
Байланыс ақпарат
Өнеркәсіп өнімінің көлемі -
987,2 млрд. тг.
Статистикалық деректерді қандай мақсатта пайдаланасыз?













Архив голосований


 
« Департамент статистикалық деректерді жинақтайды , ЕМК қызметің ұйымдастырады және үйлестіреді, талдау және тексеру жұмыстарын жүргізеді ... »

Ауыл шаруашылығы санағы 2006-2007 жж.


Павлодар облысындағы Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының

II кезеңі бойынша алдын ала қорытындылары

2007 жылдың 2 наурызынан

Ағымдағы жылдың 14 қаңтарынан бастап ҚР Статистика агенттігімен бекітілген 2005-2006 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық санағын жүргізу бойынша. Шаралар жоспарына сәйкес Бірінші ұлттық ауыл шаруашылық санағының II кезеңі басталды және ол 2007 жылдың 8 ақпанында аяқталды.

Ауыл шаруашылық санағы II кезеңінің басталуына дейін келесі жұмыстар жүргізілді:

Барлық ауыл шаруашылық субъектілері санаттарының тізімдері нақтыланды оның ішінде:

  • 202 ауыл шаруашылық кәсіпорындары (заңды тұлғалар);
  • 3757 шаруа (фермерлік) қожалықтары;
  • 88019 үй шаруашылықтары;
  • 59993 саяжай учаскелері.

ҚР Статистика агенттігімен бекітілген ауыл шаруашылық санағыныңбарлық кезеңіне шаралар-жоспары әзірленді.

Нақтыланған тізімдер негізінде әрбір қала, аудан, селолық (ауылдық)кенттік округі бойынша аудандастыру жүргізілді, оған штаттық персоналдан басқа санақ персоналының 591 адамы қатысты, оның ішінде:

  • 13 ауыл шаруашылық санағы бойынша бөлімдер бастығының орынбасарлары;
  • 7 санақ бөлімдерінің меңгерушілері;
  • 40 нұсқаушы-бақылаушылар;
  • 505 сұхбат жүргізушілер;
  • 26 ауыл шаруашылық санағын енгізу және кодтау бойынша операторлар.

Санақты ойдағыдай жүргізудің шешуші жағдайларының бірі санақ кадрларын іріктеу болып табылады. Сондықтан, біз санақтың екінші кезеңіне бірінші кезеңі бойынша аса көзге түскен адамдарды қатыстырдық, санақ персоналы ішінен қабылданған персоналдың жалпы санының 70%-нан артығы болды.

Бұл бірден санақтың II кезеңінде жақсы нәтиже бергенін көрсетеді. Егер санақтың бірінші кезеңі бойынша санақ персоналы санақ бланкілерін толтырған кезде өте көп қателіктер жіберсе, онда II кезеңі бойынша санақтың барлық кезінде көмек көрсету мақсатында қалалар мен аудандарға барып қайтқанда ескертулер болған жоқ.

Ауыл шаруашылық санағын жүргізгенде аудандық, ауылдық, кенттік әкімдері және ауыл шаруашылық санағының аудандық және қалалық жәрдемдесу комиссиясының мүшелері үлкен көмек көрсетті.

Жұмыс аса тиімді болу үшін тәжірибелік көмек көрсету мақсатында әрбір қала мен ауданға облыстық жәрдемдесу комиссиясының мүшелерін бекіту бойынша міндеттері белгіленді. Санақ жүргізу барысында қиындық болмағанын айта кету қажет. Санақтың II кезеңіне дайындық кезінде алда тұрған негізгі мәселелер шешілді, нақты айтқанда барлық қалалық және аудандық статистика бөлімдері үй-жаймен, жиһазбен, компьютерлермен қамтылды, қалалық жердегі көлікте ақысыз жүру үшін куәлік берілді. Санақтың екінші кезеңі бойынша деректерді енгізу кезінде статистиктер барлық ауылдық және кенттік округтердегі компьютерлерге қол жеткізді. Содан басқа, зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығының Павлодар филиалымен Республикалық рұқсат қағазы бойынша облыстық статистика басқармасында орнатылған 10 жұмыс істейтін компьютер берілді.

Дайындық кезеңінде санақтың облыстық жәрдемдесу комиссиясының 2 отырысы және қалалық, аудандық комиссиясының 39 отырысы болды.

Бірінші облыстық отырыста келесі мәселелер талқыланды:

1.    Ауыл шаруашылық санағының бірінші кезеңі бойынша алдын ала қорытындылары;

Ауыл шаруашылық санағының бірінші кезеңін жүргізу кезінде пайда болған проблемалар қаралды.

2.    Ауыл шаруашылық санағының екінші кезеңіне жәрдемдесу комиссиясының негізгі міндеттері;

Комиссияның екінші отырысында ауыл шаруашылық санағының екінші кезеңі

бойынша облыстық, сондай-ақ қалалық және аудандық комиссиясының жұмысы туралы нақты айтылды, яғни дәлірек айтқанда:

1.    Ауыл шаруашылық санағы бойынша жаппай-түсіндіру жұмыстарының жағдайы туралы. Кадрларды іріктеу және облыстың санақ персоналымен оқыту семинарларын жүргізу;

2.    Санақ персоналын қажетті кеңсе тауарларымен, санақ нұсқаулығымен, компьютерлік және есептеу техникасымен қамтамасыз ету;

3.    Қалалар мен аудандардағы ауыл шаруашылық санағының жәрдемдесу комиссиясы төрағаларының есебі.

Осы отырыстарда комиссияның көзқарасы бойынша жұмыс оншалықты тиімсіз

болуына орай, нақты тапсырыс берілді.

Осының нәтижесінде барлық аудандық, қалалық және облыстық газет беттерінде апта сайын ауыл шаруашылық санағының екінші кезеңін жүргізу бойынша ақпарат болу керектігін атап өтті, яғни

-         Теледидар арқылы аудан әкімдерінің, облыстық, қалалық және аудандық жәрдемдесу комиссиясы мүшелерінің сөз сөйлеуін дайындау, статистиктердің, сұхбат жүргізушілердің, нұсқаушы-бақылаушылардың практикалық жұмыстарын көрсету, облыстық статистика басқармасының мамандарымен тапсыру циклін жүргізу, нақты айтқанда:

-         Бұқаралық ақпарат құралдарымен баспасөз конференциясын өткізу;

-         Ауылдық (кенттік) округтерде, аудан орталықтарында, ықшам аудандарда, трамвай және автобустарда көрнекі түрде насихаттау арқылы плакат беттерін көбейту;

- өтілмеген ауыл округтерінде жиылыс өткізу;

- теледидар мен радио бойынша берілетін жарнама роликтеріне үлкен көңіл бөлу;

Сондықтан, осы ескертулерді ескере отыра, ауыл шаруашылық санағының

бірінші кезеңінің нәтижесінде негізгі шарттарды ойдағыдай өткізу үшін халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Медиа-жоспар жасалынды және бекітілді, онда бұқаралық ақпарат құралдарында барлық шаралардың өткізілу күндері нақты белгіленді, яғни

- барлық аудандық және облыстық газеттерде мақалалар мен сұхбатың болуы;

- теледидар және жергілікті радио арқылы баспасөз-хабарламалары, сөз сөйлеу;

- статистика басқармасының веб-сайтындағы интернетінде айдар ашылды;

- мемлекеттік және орыс тілдерінде ауыл шарушылық санағының мақсаты мен мерзім туралы хабарлау және жарнамалық роликтердің көрсетілімі;

- халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілген ауылдық жерлерде жиылыс өткізілді;

Қалалар мен аудандарда бильбордтар мен тартпалар орнатылды(санақтың бірінші кезеңі бойынша аудандарда бұлар болған емес). Қоғамдық жерлерде 10 мың плакат беттері ілінген (бірінші кезең бойынша 5 мың плакат беттері),1200 үлкен плакаттар (бірінші кезең бойынша 60 плакат болды).

Облыстық статистика органдарымен теледидар және радио арқылы

43 сөз сөйлеу болды, облыстық және аудандық газеттерде 80 мақала дайындалды және басылып шығарылды, халықпен 160 жиылыс өткізілді.

Екінші кезеңді өткізудегі дайындық кезеңінде облыстық статистика басқармасының ауыл шаруашылық және санақ бөлімімен барлық аудандық және қалалық статистика бөлімдерінде оқыту семинарлары өткізілді, санақ бөлімінің меңгерушілерімен сұхбат жүргізу сынақтамасы өтті.

2006 жылдың 18 желтоқсанынан 2007 жылдың 12 қаңтарына дейін барлық қалалар мен аудандарда бекітілген кесте бойынша семинар-мәжіліс өткізілді, оған келесі адамдар шақырылды:

-қалалық және аудандық ауыл шаруашылық санағының комиссия мүшелері;

-ауыл шаруашылық департаментінің жетекшілері мен мамандары, ҚР Ауыл шаруашылық Министірлігінің аумақтық комитеті;

-ауылдық, кенттік округтерінің әкімдері.

Санақ жүргізу кезеңінде 23 қаңтардан 6 ақпанға дейін статистика басқармасының мамандары тексеріс жүргізу және санақ көрсеткіштерін кодтауға көмек көрсету үшін қалалар мен аудандарға барып қайтты.

Осы уақытта қалалық және аудандық статистика бөлімінің мамандарымен күн сайын заңды тұлғалар, шаруа (фермерлік) қожалықтар, үй шаруашылықтары және саяжай учаскелері бойынша ауыл шаруашылық санағының екінші кезеңі туралы ақпарат жинау жүргізілуде.

ҚР статистика агенттігімен бекітілген кестеге сәйкес, қалалық және аудандық статистика бөлімдері ақпарат жинауды аяқтау және санақтың екінші кезеңінің деректер қорын облыстық статистика басқармасына 2007 жылдың 19 сәуіріне дейін ұсыну қажет.

Барлық көрсеткіштерді тексеріп және бақылау жасағаннан кейін ҚР статистика агенттігіне біздің облыс бойынша санақтың екінші кезеңі туралы барлық ақпаратты ұсыну мерзімі 2007 жылдың 7 мамыры.





2 Ақпан
31 Қаңтар
30 Қаңтар

Мемлекеттік статистикасында инновациялар






Хабарландыру







140000, г.Павлодар, ул.Генерала Дюсенова, 9
Телефон: 8 (7182) 53 48 47
Факс: 53 25 95

Статистика департаменті

Баспасөз хатшысы

ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл
 




Әзірлеген және қолдаған
«Creatida» Интернет-компаниясы
© Статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында пайдаланған жағдайда Павлодар облысының Статистика департаментіне сілтеме жасауға міндетті