Сайт картасы
Байланыс ақпарат

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер


2011 жылдың қаңтар-желтоқсанындағы Павлодар облысы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

 

Тұрмыс деңгейі
2011 жылдың қарашасындағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы орташа есеппен 47402 теңгені құрады және 2010 жылдың қарашасымен салыстырғанда 18,7%-ға ұлғайды, нақты ақшалай табыс 10,6%-ға өсті.

 

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу
Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі халықтың іріктемелі зерттеу деректері бойынша 2011 жылдың 3 тоқсанындағы жұмыссыздар саны 22,7 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына 5,1%-ды құрады.
2011 жылдың қарашасында қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 77434 теңгені құрады және 2010 жылдың қарашасымен салыстырғанда 21,5%-ға өсті. Нақты жалақы индексі 113,2%-ды құрады.
 

 Баға
2011 жылдың желтоқсанына тұтыну бағасының индексі 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 107,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 9,4%-ға, ақылы қызметтерге 7,3%-ға, азық-түлік емес тауарларына 4,8%-ға өсті. 2011 жылдың желтоқсанына өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындарының бағасы 2010 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 6,3%-ға өсті.

 

Ұлттық экономика

2011 жылдың 9 айындадағы Жалпы өңірлік өнім көлемі – 945,5 миллиард теңгені құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында 206,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезіңіне қарағанда 4,5%-ға артық.
2012 жылдың 1 қаңтарына жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 12264 бірлікті құрады, оның ішінде 7185 – жұмыс істейтіндер. Жұмыспен қамтылғандар саны 50 адамға дейін болатын 11483 кәсіпорын тіркелді. Жұмыс істейтін заңды тұлғалар арасында 6441 шағын кәсіпорын бар, оның ішінде 4390 – шағын бизнес кәсіпорны.

 

Сауда
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында бөлшек сауда көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 147,7 млрд. теңгені құрады және 2010 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 14%-ға ұлғайды.

 

Экономиканың нақты секторы
2011 жылдың қаңтар-қарашасында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 987,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2%-ға артық болды. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 7,6%-ға, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 0,9%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 7%-ға, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау 21,4%-ға ұлғайды.
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 89,2 млрд. теңгені, нақты көлем индексі 108,8%-ды құрады.
2011 жылдың қаңтар-желтоқсанында облыс көлігімен жүк тасымалдау көлемі 97,1 млн. тоннаны құрады және 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,6%-ға ұлғайды.

 

Қаржы жүйесі
2011 жылдың 1 желтоқсанына ҚР Қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша облыс бюджетіне түскен табыс 93,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 14,6%-ға артық көрсеткіш. Оның ішінде салық түсімдері 50,4%-ды, трансферттер түсімі 48,4%-ды құрайды.
Шығындар 85,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 9,5%-ға артық көрсеткіш.
2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда білім беру саласына жұмсалған шығын 27,3%-ға, денсаулық сақтауда – 29,4%-ға, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруда – 5%-ға өсті.
Облыс бюджетінің профициті 7018 млн. теңгені құрады.
2011 жылдың 3 тоқсанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесі 59807,6 млн. теңге сомасындағы табыс ретінде анықталды, бұл 2010 жылдың 3 тоқсаны деңгейіне қарағанда 1,3 есеге артық. Пайдалылық деңгейі 22%-ды құрады. Залалды кәсіпорындар үлесі есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан 23,1%-ды құрады.

 

 Қоршаған орта
2010 жылы Павлодар облысы бойынша барлық тұрақты көздерден шығатын ластайтын заттардың саны 14007,9 мың тоннаны құрады және олардың деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 4,3%-ға көбейді.
2010 жылы облыс кәсіпорындарымен тұрақты көздерден шығатындардың жалпы санынан 95,9%, немесе 13435,3 мың тонна ластайтын заттар ұсталды және зарарсыздандырылды.
Облыс атмосферасына тазарту және кәдеге жаратудан кейін 572,5 мың тонна ластайтын заттар шығарылды, бұл 2009 жылға қарағанда 2%-ға көбейді. Оның 64,2%-ын газ тәрізді және сұйық заттар, ал 35,8%-ын қатты заттар құрайды.
2010 жылы облыс бойынша барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған ағымдағы шығындар 12250,8 млн. теңгені құрады.
Ағымдағы шығындар құрылымында су ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғауға – 33,1%-дан, атмосфералық ауаны қорғауға – 53,6%-дан, өндіріс және тұтыну қалдықтарының ластануынан жерді қорғауға 12,9%-дан, жерді қайта құнарландыруға 0,4%-дан келеді.

   

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

 2011ж. қарашасы

 
2011ж. қаңтар-қарашасы 2011ж. қарашасы
2011ж. қаңтар-қарашасы 2010ж.  қаңтар-қарашасына,%
2011ж. қарашасы 2010ж. қарашасына, %
2011ж. қарашасы
2010ж.  қазанына, %
Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер
         
Кезең соңына халық саны, мың адам
746,8 746,8 100,1 100,1 100,0
Халықтың табиғи өсімі (азаю), адам
4 077 414 103,2 134,8 100,2
Көші-қон өсімі (азаю), адам
-3 450 -259 - - -
Тұрмыс деңгейі
         
Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы, теңге
- 14 089 - 115,4 90,1
Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу
         
Жұмыссыздар саны, мың адам ( 2011ж. 3 тоқсаны) 22,7 - - - -
Жұмыссыздық деңгейі, % (2011ж. 3 тоқсаны) 5,1 - - - -
Тіркелген жұмыссыздар саны, мың адам
- 5,8 - 238,3 98,6
Тіркелген жұмыссыздар үлесі, %
- 1,3 - 260,0 100,0
Бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы, теңге 72 763 77 434 115,6 121,5 100,9
Баға          
Тұтыну бағасының индексі - - 107,8 107,3 100,1
Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индексі, % - - 116,6 105,4 98,0
Ауыл шаруашылығындағы баға индексі, % - - 118,3 108,9 97,1
Құрылыстағы баға индексі - - 106,5 106,5 100,3
Көтерме сауда бағасының индексі, % - - 109,6 108,4 99,7
Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдауға тарифтер индексі, % - - 100,1 100,3 100,0
Занды тұлғалар үшін пошталық қызметі тарифтерінің индексі, % - - 98,6 97,9 100,0
Занды тұлғалар үшін байланыс қызметтеріне тарифтер индексі, % - - 96,6 97,2 100,
Ұлттық экономика
         
Жалпы өңірлік өнім, млрд. теңге (2010 жылғы 9 айындағы) 945,5 - 107,2 - -
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар, млрд. теңге
169,6 20,7 105,9 123,5 111,6
Сауда
         
Бөлшек сауда тауар айналымы, млрд. теңге
(қоғамдық тамақтандыру қызметтері есебінсіз)
131,8 14,4 115,6 106,2 101,8
Экономиканың нақты секторы
         
Өнеркәсіп өнімінің (тауар, қызмет) көлемі, млрд. теңге
896,1 94,5 102,1 105,4 102,3
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі,
млрд. теңге
83,4 8,3 108,8 152,7 58,0
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд. теңге
54,4 6,4 103,7 127,3 126,2
Жүк тасымалдау, млн. тонна
85,6 11,8 122,1 143,5 104,2
Көліктің жүк айналымы, млрд. ткм
25,2 3,3 138,6 148,5 102,4
Пошталық және курьерлік байланыс қызметінен түскен табыс, млн. теңге
383,8 36,2 120,5 122,7 101,3
Электр байланысы қызметінен түскен табыс, млрд. теңге 8,6 0,6 111,1 105,9 100,5

 
 2011ж. желтоқсаны
 
2011ж. қаңтар-желтоқсаны
2011ж. желтоқсаны

2011ж. қаңтар-желтоқсаны 2010ж. қаңтар-желтоқсаны, %

 2011ж. желтоқсаны 2010ж. желтоқсаны, %

 2011ж. желтоқсаны
2011ж. қарашасы, %

Әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер
 
 
 
   
Тыныс алу органдары туберкулезімен тіркелген ауру-сырқаулық жағдайлар саны, адам
594 46 90,1 97,9 82,1
АҚТҚ-инфекциясын тасымалдаушылар саны, адам
166 13 115,3 100,0 216,6
Тіркелген қылмыстар саны, оқиға 10 390 1 214 127,3 178,0 137,8
Тұрмыс деңгейі
         
Күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасы, теңге
- 14 108 - 113,6 100,1
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
         
Жұмыссыздар саны, мың адам ( 2011ж. 3 тоқсаны)
22,7 - - - -
Жұмыссыздық деңгейі, % (2011ж. 3 тоқсаны)
5,1 - - - -
Тіркелген жұмыссыздар саны, мың адам
- 2,0 - 89,4 33,4
Тіркелген жұмыссыздар үлесі, %
- 0,4 - 80,0 30,0
Баға          
Тұтыну бағасының индексі - - 107,8 107,3 100,6
Өнеркәсіп өнімін өндірушілердің баға индексі, % - - 115,7 106,3 99,9
Ауыл шаруашылығындағы баға индексі, % - - 116,9 102,9 98,9
Құрылыстағы баға индексі - - 106,5 106,2 100,6
Көтерме сауда бағасының индексі, % - - 109,5 108,5 100,3
Барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдауға тарифтер индексі, % - - 100,2 100,2 100,0
Занды тұлғалар үшін пошталық қызметі тарифтерінің индексі, % - - 98,5 97,9 100,0
Занды тұлғалар үшін байланыс қызметтеріне тарифтер индексі, % - - 96,7 97,2 100,0
Ұлттық экономика
         
Жалпы өңірлік өнім, млрд. теңге (2011 жылғы 9 айындағы) 945,5 - 107,2 - -
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар,  млрд. теңге
206,4 36,8 104,5 98,5 176,9
Сауда
         
Бөлшек сауда тауар айналымы, млрд. теңге
(қоғамдық тамақтандыру қызметтері есебінсіз)
147,7 15,9 114,0 105,4 110,2
Экономиканың нақты секторы
         
Өнеркәсіп өнімінің (тауар, қызмет) көлемі, млрд. теңге
987,2 91,1 102,0 99,5 97,9
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі, млрд. теңге
89,2 5,8 108,8 99,3 69,6
Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд. теңге
64,4 10,0 106,9 127,6 156,2
Жүк тасымалдау, млн. тонна
97,1 11,5 123,6 136,8 97,3
Көліктің жүк айналымы,  млрд. ткм
28,6 3,3 139,0 142,0 100,3
Пошталық және курьерлік байланыс қызметінен түскен табыс, млн. теңге
420,2 36,4 120,4 120,1 100,6
Электр байланыс қызметінен түскен табыс, млрд. теңге 9,4 0,8 110,8 106,1 101,4
Қаржы жүйесі
         
2011ж. 3 тоқсанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың пайдалылығы, %
22,0 - - - -
Кәсіпорындар мен ұйымдардың дебиторлық берешегі (2011 жылдың 1 қазанына), млрд. теңге 264,4 - 125,4 - -
Кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша берешегі (2011 жылдың 1 қазанына), млрд.теңге 651,4 - 124,4 - -






2 Ақпан
31 Қаңтар
30 Қаңтар

Мемлекеттік статистикасында инновациялар






Хабарландыру







140000, г.Павлодар, ул.Генерала Дюсенова, 9
Телефон: 8 (7182) 53 48 47
Факс: 53 25 95

Статистика департаменті

Баспасөз хатшысы

ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл
 




Әзірлеген және қолдаған
«Creatida» Интернет-компаниясы
© Статистикалық ақпараттарды өз жарияланымдарында пайдаланған жағдайда Павлодар облысының Статистика департаментіне сілтеме жасауға міндетті